QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

«АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА КӨҢІЛ ТОЯДЫ»

Автор:QAA.kz

Фев 4, 2021

Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлепқастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған
ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті.
Әрбір қазақ өзінің өсіп-өніп шыққан ауылына игі қадамдар жасауды атамекенге деген перзенттік парызы санаған. Бұл біздің халқымызда ежелден келе жатқан жақсы дәстүр. Ол дәстүр ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жаңа мазмұнға ие болды. Қазақ ауылдарындағы беделді әрі бай-қуатты адамдар өз қаржыларына
дарынды балаларды оқытып, ұлттық элитаның түзілуіне ерекше қызмет етіп келген. Қазіргі кезде де ауыл-аймақты өркендету
мақсатында түрлі жобалар, индустриялық-инновациялық бағытта үлкен бағдарламалар қолға алынып, көптеген жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл бағытта, әсіресе, ауылды
дамытуға қатысты тың бастамалардың оң нәтиже бере бастауы көңіл қуантады. Бүгінде біз әлемге өзімізді демократиялық жолмен дамып келе жатқан ашық, жариялы қоғам деп мәлімдеп отырмыз.
Ауылда мемлекет жүргізіп отырған аграрлық сала, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы реформалардың жемісін көруге болады.

Өткен ғасырдың 90-жылдарында экономикалық қиыншылықтарға байланысты ауылды жерлердегі колхоздар мен совхоздар тарап, ауылдың күнкөріс жағдайы төмендеп халық ауылдан қалаға ағылған еді. Сол тұста техниканың жетіспеушілігінен
көптеген жерлер игерілмей, мал басы күрт азайған. Халықтың көбі мал өсіріп, егін еккеннен гөрі қалада
саудамен айналысып өмір сүруге мәжбүр болды. Дегенмен де, ауылдың әл-ауқаты көтерілмей
еліміздің қарыштап дамымайтыны сөзсіз. Осы тұрғыда Елбасымыз ауылдың мәселесін әрдайым басты назарда ұстап, соның нәтижесінде 2003- 2005 жылдар «Ауыл жылы» деп жарияланған болатын. Осы жоба аясында бірнеше ауқымды ісшаралар атқарылып, түрлі деңгейдегі мәселелер өз шешімін тапты. Ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы. Елбасымыздың: «Біз кез келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз», — деген сөзі дұрыс айтылған. Ауыл түлесе – қазақ түлейді.
Себебі, ауыл мен қазақ егіз ұғым. Қазіргі таңда ауылдық жерлерді қаладан барынша кем етпеу үшін барлық шаралар жасалуда. Бұрынғы кездегі байланыссыз, жарықсыз, асфальтсыз болған ауылдардың бүгінде қарасы аз. Олардың орнын әлеуеті мен әлеуметі, мәдениеті мен бірлігі жарасқан, дамудың даңғыл жолына түскен ауылдар басуда. Еліміз тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басқан тұста күйі қашып, құлази бастаған ауылды елдімекендер қайтадан жандана бастады. Халық қайтадан ауылға бет бұрды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын жанына серік етіп, ата-бабамыздың төл кәсібі — мал өсірумен шұғылданып жүргендердің еңбегі еш кетіп жатқан жоқ. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы көтерілері анық. Қазақ ауылы гүлденсе, әр атқан таңнан үміт күтетін ауыл халқы үшін зор қуаныш болар еді. Ауыл-қазақтың алтын бесігі, тереңірек айтсақ, күре тамыры. Себебі, әрбір қазақ ұл-қызының шыққан ортасы ол ауыл. Саналы әрбір азаматқа туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі өшпес қымбат қазына болуы тиіс. Жұмыр жер өз төсін мекен ететін барша халықтың шежіресін жаза беретін мәңгілік кітап тәрізді. Сондықтан да ауылда туып өскен азаматтар ауылдан жырақ жүрсе де «Қарашада қара үй тұр, қарайлай жүр артыңа» деген жырау сөздерін естен шығармауға тиіс. Әрбір жан ауылдың тұрмысы мен тіршілігі, мәдениеті мен ғылымы, хал-жағдайларының жақсаруына қолдарынан келгенінше үлес қосуы керек. Себебі, ауыл күйзелсе, халық өмірі жақсармайтыны хақ. Қазақтың өмірін ауылсыз елестету мүмкін емес. Себебі ауыл — көшпелі заман мен бүгінгі күнді жалғаған ұлт руханиятының күретамыры. Салт-дәстүрдің қойнауы. Осындай киелі мекен жайлы сөз қозғағанда бұрынғы Ташкент-Орынбор темір жолы бойында орналасқан Белкөл кенті туралы айтпай кету мүмкін емес. Аталған кентте 2020 жылы көптеген жұмыстар атқарылған. Ол туралы кент әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы кешегі өткізілген кезекті есеп беру жиынында баяндады. Атап айтар болсақ, бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кентте 211 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда. 2019 жылы жаңадан 24 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 36 тұрақты жұмыс орны ашылса, 2020 жылы 51 кәсіпкерлік субьект тіркеліп, 69 тұрақты жұмыс орны ашылды. 2020 жылдың есепті кезеңіне «Бизнес Бастау» бағдарламасымен 4 тұрғын, «Бизнес Кеңесші» бағдарламасы аясында 1 тұрғын сертификаттар иеленіп, барлығы 5 тұрғын онлайн форматта оқу курсын аяқтады. «Еңбек» және «Бизнестің Жол Картасы-2025» мемлекеттік бағдарламалар аясында 2020 жылы «Өңірлік инвестиция орталығы» және «Ауылшаруашылығын Қаржылай Қолдау Қоры» қаржы ұйымдары арқылы жалпы құны 18 млн 500мың теңгені құрайтын 4 жоба қолдау тауып, несие алынды. Сондай-ақ, 2020 жылы Еңбек бағдарламасы аясында 13 тұрғын жалпы құны — 7 млн.146 теңге көлемінде грант жеңімпазы атанып, өз кәсіптерін ашты. Ел экономикасын дамытудың бір жолы ауыл шаруашылығын жаңғырту деп білсек, бұл бағытта мал басын көбейтуге «Еңбек» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 5 кәсіпкер, «Қызылорда өңірлік инвестиция орталығы» арқылы 1 кәсіпкер және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2 кәсіпкер барлығы 8 кәсіпкер жалпы сомасы 45млн 500 мың теңге несие алып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр.
2020 жылы атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған форматы бойынша тұрмысы төмен және аз қамтылған 81 отбасындағы 412 адамға 7 млн. 667 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Кент тұрғындарын міндетті
әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде сапалы алғашқы көмек алу, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мақсатында және коронавирус инфекциясын болдырмау және алдын-алу мақсатында Бірқазан елді мекеніндегі медициналық бекет пен Белкөл кентіндегі медициналық амбулатория жоғары дәрежеде жұмыстар атқарды.

2020 жылы әкімдердің дәстүрлі есеп беру кездесуінде кент тұрғындары тарапынан бірнеше мәселе көтерілген
болатын. Бұл мәселелер өткен жылы өз шешімін тапты. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға
арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Бірқазан елді мекенінің
кіре-беріс жолына, Железнодорожная көшесіне, М.Есмаханов көшесіне, Т.Абуов көшесіне, Зеленая көшесіне және қалалық бюджет есебінен Бірлік көшесіне және Әбдіқадыров №3 көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстары және
Зеленая көшесіне жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілді. Сондайақ, жергілікті бюджет есебінен 3-Линия
көшесіне жарық бағаналары, К.Әбдіқадыров көшесі мен теміржол өткелі арасындағы тұйыққа тас төсеу және жаяу жүргіншілер жолы, Бірқазан елді мекеніне балалар ойын алаңын салу және «Үңгіттердің қорымына» баратын жолға
орташа жөндеу (қиыршық тас төсеу) жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтар болсақ, Железнодорожная көшесінің
0,81 шақырым жеріне 36 млн.теңге, М.Есмаханов көшесінің 0,63 шақырым жеріне 23,5 млн.теңге, Талғат Әбуов көшесінің 0,64 шақырым жеріне 19,5 млн. теңге, Зеленая көшесінің 0,83 шақырым жеріне 28,5 млн.теңге, Бірлік көшесінің 0,7 шақырым жеріне 23,5 млн.теңге, Әбдіқадыров-3 көшесінің 0,42 шақырым жеріне 16,5 млн.теңге, 3-Линия көшесінің 1,0 шақырым бөлігіне 8,0 млн.теңге, Зеленая көшесінің 0,6 шақырым бөлігін жарықпен қамтамасыз ету үшін 6,2 млн. теңге және «Үңгіт бейтіне» баратын жолға 36 млн. теңге бөлінген.


Биылғы оқу жылында №145 орта мектеп толығымен дәстүрлі оқыту әдісімен оқытылса, №189 орта мектептің бастауыш сыныбы дәстүрлі, жоғарғы сынып оқушылары оқуы онлайн түрінде жүргізілді. Жыл қорытындысы бойынша
№145 мектеп қала әкімінің «Дәстүрлі оқыту форматының үздігі» номинациясымен марапатталды. Биыл кенттегі жалғыз мемлекеттік балабақша «Балапан» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың 2020-2021
жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы қара­лып, балабақша ғимаратына толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қыркүйек айынан бастап, ерекше қамқорлық қажет
ететін жандарға үстел теннисі үйірмесі ашылды. Тағы бір айта кетерлік жайт Белкөл кентіндегі жаяу жүргіншілер жолына 3,0 млн.теңге және спорт алаңына 7,6 млн. теңге қаржы бөлінген.

Кенттегі әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер кенттегі жылу орталығы арқылы
орталықтандырылған жылумен қамтылған. 2020 жылы ұзындығы 1037 метр құрайтын кварталаралық жылу жүйелері жаңадан ауыстырылды. Кенттегі 150 орындық мәдениет үйін салуға облыстық бюджеттен жоба-сметалық құжаттарын
әзірлеуге 10,5 млн.теңге қаржы қаралып, арнайы жер телімі белгіленіп, аталған құжаттар әзірленді.
Қазіргі таңда құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Балтабай МАУСЫМБЕКОВ – кент тұрғыны

  1. Белкөл кентіндегі балалар ойын алаңын жаңарту қажет.
  2. Көшелердің атаулары, нөмірлері берілсе жақсы болар еді. Жедел жәрдем
    қызметі керекті үйлерді таппай кетеді.
  3. Көп қабатты пәтерлердің подвалына тазалық жұмыстары жүргізілу керек.
  4. Аяқ-су мәселесі. Жергілікті жердің бау-бақшаларына су қажет.
  5. Өрт сөндіру қызметі дұрыс жұмыс жасаса дұрыс болар еді.
  6. Қоқыс мәселесі. Жарық трансфарматорының жанына қоқыс үйіп, оны өртейді.
    Осы мәселе бір жақты етілуі тиіс.
    Сартай ХАЙРУЛЛАЕВ – қоғамдық кеңес төрағасы, кент тұрғыны Кенттің арғы бетіне мектеп, балабақша салынса игі іс болар еді.
    Бақытгүл ЕРЖАНОВА – аналар төрайымы, кент тұрғыны Көп балалы, әлеуметтік тұрмысы төмен аналарға үй берілсе екен.
    Кент әкімі: «Осы мәселелер күн тәртібіне қойылып, алдағы уақытта шешімін табу үшін біршама жұмыстар атқарылатын болады. Ал, мектеп, балабақша салу және де тұрмысы төмен, көп балалы аналарға үй берілу мәселесі аясында кеңес өткізіліп, сол жерде аталған ұсыныстар қаралады» деп жауап берді.


Мінеки, Белкөл кентінде 2020 жылы кент тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын көтеру және тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатынд осындай игі бастамалар орын алып, аталған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар оң нәтиже көрсетіп келеді. Кент әкімі Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлының атқарып жүрген жұмысына тұрғындар тарапынан жақсы пікірлер айтылды. Аталған жиында кент тұрғындары өздерінің ұсыныс, пікірлерін ортаға салды. Белкөл кентінде былтырғы жылы 29 қылмыстық іс тіркеліп, аталған мәселелер тұрғысында атқарылған жұмыстар өз шешімін тапқан. Бұл жөнінде Белкөл кентінің учаскелік полиция
инспекторы Ақжігіт Бахтияр баяндады. Сонымен қатар, мал ұрлығы мәселесі жайында да сөз қозғалды. Учаскелік полиция инспекторының мәліметінше 2020 жылы қылмыстық істер туралы көптеген арыз-шағымдар келіп түскен.

Дегенмен де ол мәселелер дер кезінде шешіліп отырған. Жиын соңында кент тұрғындары әкiм Ардақ Әбдіғаппарұлының халық игілігі үшін атқарып келе жатқан еселі еңбегін елеп, өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. «Кентіміздің көркейіп, гүлденуі Ардақ Әбдіғаппарұлының жемісті еңбегінің нәтижесі. Күні-түні елдімекеніміздің қарыштап дамуы үшін тынбай қызмет етіп келеді. Былайша айтқанда, тұрғындар тарапынан ешқандай наразылық жоқ.» «Кентте атқарылып жатқан жұмыстарға көңілім толады. Бізде барлығы жақсы. Жарық, су, газ мәселесі өз шешімін тауып отыр. Тұрғындар жағдайының жақсаруы үшін қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Кез келген жұмыс дер кезінде орындалып жатыр.»
Міне, осылай ауылды дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында кент әкімдігі тарапынан осындай игі жұмыстар атқарылып келеді. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да өзінің заңды жалғасын табады деп сенеміз.
Ауылдың көркеюі – жастардың санасы мен сезіміне, білімі мен біліктілігіне байланысты. Сол үшін әрбір жас ұрпақ білім шыңына талаптану қажет. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, мемлекетті нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа»,– дейдi Елбасы Н.Ә.Назарбаев. «Ырыс алды – ынтымақ» дегендей, туған ауылын ұлттық өмір сүрудің өзегі деп танитын көзі ашық, көңілі ояу азаматтар жұмысына жұмыла кірісуі керек.


Аружан ЕРАЛЫ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *