QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс жасады

Автор:QAA.kz

Июл 3, 2019

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады. Мемлекет басшысының өкімдері Ақорда сайтында жарияланған.

Атап айтқанда, Марат Дәуешов президент әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұрын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болған Айгүл Шайымованың не үшін қызметінен босатылғаны хабарланған жоқ.

Дәуешовтің орнына Бақытжан Сариев президент әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметіне келді.

Сонымен қатар Бақытжан Темірболат мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Ол бұрын президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған еді.

Президент әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеев тағайындалды.

sputnilnews.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *