2021 ж. Сәуір 14

Ашықтық − абырой кепілі

2020 жыл – сот жүйесінде «Сапалы коммуникация жылы» болып жарияланды. Заман ағымына қарай еліміздің сот саласы ақпараттық технологиялардың көмегімен жұмыс жасауға көшті.

Бүгінгі күні іс құжаттары, талап арыздар мен өтініштер «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы қабылданып, сот отырыстары «WhatsApp», «TrueConf» және «Zoom» мобильді қосымшаларының көмегімен өткізілуде.

Қазіргі таңда атқару парақтары, құжат айналымдары жүз пайыз электронды нұсқада дайындалады. Соттардағы құжат айналымдары «Төрелік» ақпараттық жүйесі, ал мемлекеттік органмен «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» арқылы жүреді.

Қызылорда облысы соттарында «QR code» арқылы сот қызметтеріне қол жеткізуге бағытталған арнайы базалық топтама жасақталған.

Халықпен кері байланыс орнату деңгейі көтеріліп, жұмыс сапасы арта түсті. Қызылорда облыстық соты әлеуметтік желілердегі өз парақшасы арқылы халықты үздіксіз ақпараттандырып келеді. Сот қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтармен әлеуметтік желілер арқылы байланыс орнату тәжірибесін одан әрі жетілдіру үстінде. Пандемия уақытында соттардағы іс-шаралар, семинар, дөңгелек үстелдер, азаматтарды қабылдау, брифингтер мен баспасөз конференциялар, жалпы отырыстар мен жиналыстар, «Ашық есік күндері» онлайн өтуде.

Ел тәуелсіздігімен қатар осынау жылдар белесінде сот жүйесі де күрделі құқықтық реформаларды бастан кешірді. Ал нәтижесі көз алдарыңызда…

Ардақ Смағамбетова

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған