QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

АРЫЗЫН ДА, СЫНЫН ДА, СЫРЫН ДА АЙТТЫ

Автор:QAA.kz

Ноя 5, 2020

Тасбөгеттің тарихында болмаған деп айту әбестік болар. Әйтсе де, жол жөндеу жұмыстарының жүйелі жүріп жатқаны өтірік емес. Бұл жақта 52 көше бар. Осылардың жалпы ұзындығы 74,2 шақырымды құрайды. Қазіргі күні 37 көшеге асфальт төселуде. Ал сегіз шақырым көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

2019 жылы 4 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Аталған жұмыстар өз жалғасын тауып, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы бойынша қосымша 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары үшін облыстық бюджеттен 270 536,0 теңге және Әбенов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары үшін 88 844,0 теңге қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, кенттегі жаңадан қалыптасқан көшелерге тас төсеу жұмыстары үшін қалалық бюджеттен 624 мың теңге бөлініп, жұмыс барысы қарқынды жүргізілуде.

— 2012 жылы Оразбаев көшесіне көшіп келдік. Барлығы жақсы, қазір біздің көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның үстіне көрші тұрған Әбенов көшесі де ретке келуде. Бұрындары бұл жақта жол жоқ еді. Біз бұл аумаққа жол төселеді деп те ойламадық. Барлығыңызға рақмет!— деді, жергілік тұрғын Бағдагүл Төлебаева.

Қысқасы, алғыс айтушылар секілді өкпеназын білдірушілер де болды. Бірі келеңсіз сұрақтар қойса, басқасының ойы орынды. Бұл шаруаларды қаржы бөлінген бойда ретке келтіреміз дейді кент әкімі Семсер Сыздықов.

Бұған дейін 2018-2019 жылдары 5 көшеге және бір даңғыл бойына жарық жүргізілген болатын. Жалпы кент аумағында 23 көшеге 957 жарық шам орнатылған.

Биылғы жылы осы жоба негізінде 4 көшеге облыстық бюджеттен 70,686 000 теңге бөлініп, жарық бағаналары орнатылуда.

Соңғы екі жылдың ішінде кент әкімдігінің өзін-өзі басқару шотынан 11 миллион 700 мың теңгеге 9 көше жарықтанды.

Жастардың спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына 29 миллион теңгеге орталық аумақтан Стритбол алаңы салынды. Аталған жоба «Жұмыспен қамтудың 2020- 2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы негізінде жүзеге асқан.

Көптен бері шешімін таппай келген бейіт мәселесі де оң шешімін тапты. Тасбөгеттегі орталық мазардың аумағы толып, жерлеу орындарының аздығы қатты білінетін. Сондықтан, шет аумақтан көлемі 13,5 гектар болатын алаңда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қажет қаражат көлемі 101,732 000 теңгені құрайды. Жұмыстың бірінші сатысына қалалық бюджеттен 20 миллион теңге бөлініп, бейіт аумағының құрылысы басталды.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *