QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қарызы барлар ұялмайды…

Автор:QAA.kz

Фев 21, 2019

Бүгін де Қызылорда қаласында жылуды пайдаланып, уақытылы ақысын төлемеген тұрғындар жетерлік. Жалпы, қала бойынша заңды және жеке тұлғалардың жылуға қарызы 467 млн. 240 мың теңге болып тұр.

Бұл рейдтік шараның мақсаты қала тұрғындарына тұтынған жылудың ақысын өз уақытында төлеуге шақыру және ақысын төлемеген борышкерлерге ескерту жасау болды. Ең алдымен қаламызда орналасқан 3 – ші ірілендірілген аймақтың тұрғындарына түсіндірме жасалды. Оның алғашқысы №6 үй, 19 пәтердің тұрғыны болды. Бүгінде ол кісінің тұрақты жұмысы жоқ болғандықтан 2016 жылдан бері жылуға мүлде ақша төлемеген және қарызы – 180 мың теңгені құрап отыр.

– Біз қазіргі таңда қаламыздағы барлық қарызы бар тұрғындарға ескерту жасап жатырмыз. Әрине, ең алдымен алдын-ала хабар беріп, содан кейін оларды жылудан ажырату жөніндегі қағазға қол қойдырып, ажыратып жатырмыз. Сондай-ақ, жылуға берешегі бар заңды және жеке тұлғаларды өтемей жатқан қарыздары үшін шет елге шығуға шектеу де қойып жатырмыз, — дейді ГКП Қызылорда жылу энергиясы, сату және есептеу басқармасы абонеттік бөлімінің заңгері Айнұр Мухамедьярова.

Мамандардың айтуына қарағанда тұрғындар жылу ақысын төлеуге құлықсыз. Қызылорда қалалық сотынан 2018 жылға сотқа жалпы сомасы 123 462 606 теңгені құрайтын 1532 жеке тұлға, 30 518 810 теңгеге 230 заңды тұлғаға талап арыз берілген. Нәтижесінде тұтынушылардың жеке шоттары мен 89 автокөлікке, 469 жылжымайтын мүлікке шектеу қойылған.

Басқа нысандарды аралап, келесі межелі орын ТОО  Брауниске жеткенде есігінде құлып болды. Қ. Қазантаев 12 көшесінде орналасқан  бұл  мекеменің де бірнеше айдан бері жылуға ақша төлемегені анықталды.

– Қ. Қазантаев 12 көшесінде орналасқан ТОО Браунистің жылу жүйесіне 327 мың 901 теңге қарызы бар. Олар 2018 жылдың желтоқсаны мен биылғы жылдың қаңтар айына жылуға төлем жасамаған. Ол кісілерге ай сайын алдын-ала ескертулер жасап тұрмыз. Алайда, олар төлем жасауға құлықсыз болғандықтан, алдағы уақытта сотқа беру шараларымен жұмыс жасаймыз, — дейді Абылай Еспенбет ГКП Қызылорда жылу энергиясы, сату және есептеу басқармасы абонеттік бөлім бойынша №2  аймақ басшысы.

Қала тұрғындары мен заңды тұлғалардың қарыздары мұнымен бітпеді. Ендігі барған нысан Қорқыт Ата №120 үйдегі ИП «Мадина». Бүгінде playstation ашып, жастарға күнделікті жұмыс жасап тұрған орынның өткен жылдың қараша, желтоқсан және биылғы жылдың қаңтар айындағы қарызының жалпы сомасы 45 мың 105 теңге екен. Алдағы уақытта барлық қарызды жабамыз деген сөзіне құлақ аспаған жауаптылар сол мезетте олардың жылу жүйесін ажыратып тастады.

Қақаған қарлы аязда жылуды тұтынуды біліп, оның қарызын өтер кезде өз орындарынан қашқан заңды және жеке тұлғалардың қарыздары енді сотта қаралатын болады.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *