QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Ғарышты игеру де қазақ жерінен басталған

ByQAA.kz

Сәу 12, 2021

Әлемге мәлім ғарышкер Гагариннің бастамасы адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышты игеруге әкеп соқты. Бұған дейі де, 1960 жылы Төретамнан М.Янгельдің құрастырған зымыраны ұшуға тиіс еді. Алайда, ұшуға 30 минут уақыт қалғанда жанармай құтысы жарылып, ғарыш айлағындағы 98 адам қаза тапқан еді. Құдай сақтап, Янгель осыдан бірер минут бұрын сыртқа  шылым тартуға шығып кеткен екен.

Өзінің жоғарыға жіберген жасырын хатында Янгель Михаил былай дейді:

Қазанның 26-сы сағат 18-45  минут кеткенде жанармай құтысы жарылып, айлақтағы 100-ге тарта адам қаза тапты,-делінген.

Десе де, Союз кемелерінің арқасында біз білетін ғарышкерлер кейінен де ашық космосқа аттанып келеді. Союз кемесі айды толық айналуға дайын ғарыш кемелерінің бірі. Оны американдықтар да мойындап отыр. Нәтижесінде, тура 12 сәуір күні ғарышкер Гагарин космосты бағындырған еді.

Жерге орала салысымен ол 30-ға тарта елде қонақ болып, тәулігіне 18-20 рет халық алдында сөйлеген. Бұл өз кезегінде уақыттың тапшылығын, Гагариннің денсаулығына кері әсерін берген. Ғарышкерді Ағылшын мемлекеті мойындап, тіпті Елизаветта 2-нің өзі барлық протоколдарды бұзып, Гагаринмен суретке түсуге ұмтылған деседі.

Халық арасында Гагариннің өлімі жайлы түрлі ақпарат бар. Кейбірі оны қасақана өлтірді десе, басқасы кездейсоқтық дейді. Ғалымдардың айтуынша Гагарина ашық ғарышта мүлдем жасырын, жұрт білмеуі тиіс оқиғалардың куәгері болған.

Ғарыштан келген Гагарин әдетінше ұшақтармен жаттығу жасап жүрген жерінен опат болған еді. Бұл оқиға бүгінгі күнге дейін тылсым әрі жасырын өлімдердің қатарында екен.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған