2021 ж. Сәуір 14

«Армения» бір жыл бойы тіркеледі

«Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы 2021 жылғы 27 ақпанында №104 қаулы шығарылып, күшіне енді.
Онда, Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын тіркеу мерзімі 2022 жылдың 1-ші наурызына дейін ұзартылғандығы және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615, 553-баптарында белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеу үшін алым мен мемлекеттік баждар төлей отырып, басқару жүйесі сол жақта орналасқан,
Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген көлік құралдарын тіркеуге жататындығы көрсетілген. Аталған көлік құралдарын тіркеу үшін көлік құралының иесі, Армения Республикасында берілген көлік құралының тіркеу куәлігінің нотариалды куәләндырылған аудармасын, тұп нұсқасын; Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексінде көзделген баптарға сәйкес, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгі үшін – 8167,60 теңге;

Көлік құралының тіркеу куәлігі үшін – 3646,25 теңге; Мемлекеттік алғашқы тіркеу жинағы үшін -729,25 теңге төлегендігі жөнінде растайтын құжаттармен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.
Сонымен қатар, Армения Республикасынан әкелінген көлік құралының басқару жүйесі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көлік құралдарын тіркеу үшін ұлттық акредиттелген орталықтардан көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі хаттамасы қажет болады. Аталған хаттаманы беруге рұқсаты бар акредиттелген орталықтар Алматы қаласында, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Бүгінгі күнге облысымыздың тұрғындарымен әкелінген көлік құралдарының 445 тіркелсе оның, 74-і басқару жүйесі оң жақтан сол жаққа ауыстырылғандар.

Н.С.ПАЗЫЛОВ
Қызылорда ОПД Әкімшілік полиция
басқармасының бастығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған