Қармақшы ауданы әкімі М. Қалдарбековтың өкімімен Тұрсынбаева Нұржамал Бектайқызы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес 2020 жылдың маусым айынан бастап Ақжар ауылдық округі әкімінің лауазымы қызметіне тағайындалды.
Нұржамал Бектайқызы – 1967 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1984 жылы Қармақшы аудандық «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі болып бастаған.
1985-1986 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінің тілшісі,1986-1999 жылдары аудан Қармақшы ауданы Ақжар ауылы № 28 орта мектеп мұғалімі, 2005 -2019 жылдары Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды.
2019 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің маманы болып қызмет атқарып келді.
Отбасылы, 4 баланың анасы.