QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Ардагерлермен кездесті

ByQAA.kz

Қар 12, 2020

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Ақсуат ауылдық округінде «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мүшелері ауыл ардагерлерімен кездесуі өткізді.

Қарт кісілердің өмір сүру сапасын жақсартуға, оларға әрдайым құрметпен қарауды мақсат еткен жоба қала көлемінде кең көлемде жүзеге асуда. Аталмыш ауылдың ардагерлерінің қатысуымен өткен кездесу барысында түрлі бағыттағы мәселелер ортаға салынды. Басым көпшілігі ауыл тіршілігінің одан әрі жандауына бағытталды. Сондай-ақ, кездесудің қатысушылары Ақсуат ауылдық округінде ардагерлер үшін қай салада да жағдай жасалғанын тілге тиек етіп, осы бағыттағы жұмыстардың жандануына тілектестіктерін білдірді.

Айта кетейік, мәдениет үйінде болған кездесу карантиндік талаптардың сақталуы негізінде өтті.

А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған