Теміржолшылардың ардагерлер бөлмесінде «AMANAT» партиясы Теміржол филиалының «Жол бөлімішесі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясында сала және партия ардагері Мархабат Құлмырзаевамен кездесу өтті. Теміржол саласының дамуына 35 жылдан астам өзіндік үлесін қосқан ардагеріміз кездесу барысында шыжығы мен қызығы мол жұмыстағы еңбек жолында кезіккен түрлі естеліктерімен бөлісті. Солардың ішінде қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда вагонды өрттен сақтаған жайлары, жұмыс барысында заңсыздық әрекеттерден жоғары жауапкершілік пен біліктілігі арқасында абыроймен шыққаны таңқалдырмай, қызықтырмай қоймады. Әкеден тараған 5 перзентен өзі ғана әке жолымен теміржолға келгенін естігенде үш мәрте «Құрмет» орденінің иегері атанған теміржолшы Әбдіқадіров Кәкім әкесінен қайсарлық, жігерлілік, бір беткейлік секілді дарыған қасиеттерді ардагер бойынан байқадық. Бүгінде зейнеткерлікте отырса да заманында тәрбие берген шәкірттері бағыт-бағдар берген мықты ұстаз жолымен теміржолдағы жауапты жұмыстарды абыроймен атқарып келеді. Жалғыз басты ана болса да бір қыз баладан 4 немере сүйіп отырған аялулы әже атанған Мархабат Кәкімқызының денсаулығы сыр берсе де мойымай, әріптестеріне келіп жылы лебізін білдіруде. Иә, біз қашанда ардагерлерімізбен мақтанамыз, ардагерлеріміз аман болғай! Жас теміржолшылар тәрбиесінде осындай үлесін қоса білген ардагеріміздің өнегелі істерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету және өткен 70 жылдық мерейтойымен құттықтау мақсатында кездесуді ұйымдастырып, деніне саулық тілеуді жөн көрдік,- дейді Теміржол партия филиалының саяси кеңесінің мүшесі, кәсіподақ төрағасы Мұхтар Көпірбаев.