QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Ардагердің жастарға айтары көп

ByQAA.kz

Қар 24, 2020

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Qosyl» қалалық жастар орталығы мен «Жас Отан жастар қанатының мүшелері тыл ардагері Мәлік Айтбаевпен кездесті.
Жиында ардагер жастарға сұрапыл соғыс кезіндегі қиыншылықтарды атап өтіп, еліміз үшін бүгінгі бейбітшіліктің құндылығын жеткізді. Сондай-ақ, әрбіріміз елдің егемендігі мен бірлігінің маңыздылығын терең ұғыну керектігін де тілге тиек етті.

Бауыржан Момышұлы атамыз «Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» дегені бар. Елінің ертеңі үшін аянбаған ата-балаларымыздың ертедегі ерлігі қай кезде де ұрпақ санасында болу керек, – деді тыл ардагері Мәлік Айтбаев.


Сондай-ақ, жастар тарих шеңберіндегі түрлі сауалдарын жолдаса, ардагер «Жарқын еліміздің, жарқын азаматтары болыңдар!» деп батасын берді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған