2021 ж. Сәуір 14

Арал ауданының әкімі М.ОРАЗБАЕВ: Жүн түтіп, тері илейміз…

Әбдіқалықованың әкімдері әлеуетті ме?

Индустриялық аймақтан «Жаңа Арал» ЖШС-нің «Жүн және теріні алғашқы өңдеу» жобасы (жоба құны-70,0 млн теңге) және жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын жылдық қуаттылығы 130 мың тонна дайын өнімді өндіретін «Qazaq Camel» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауыты» бойынша екі жоба үстіміздегі жылы (2021 жыл) пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Республикалық бюджеттен 100,5 млн. теңге бөлініп (құрылыс жұмысының көлемі 4,7 млрд. теңге), «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру» жобасының жоба сметалық құжаттары әзірленуде. Ауданда жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан асатын 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Қазіргі таңда Қосжар елді мекенінде орналасқан «Қамыстыбас балық питомнигі» РМКҚ арқылы жылына 14,8 млн майда бір жылғы шабақтар және 420 мың екі жылғы шабақтар Кіші Арал теңізіне және көлдер жүйесіне жіберіліп, өсірілуде. Бұдан бөлек, «Жамбыл» өндірістік кооперативі Аманөткел ауылдық округіндегі «Ақшатау Сорғақ» тауарлы көліне майда шабақтар жіберіп, күтіп-баптау жұмыстарын кеңейту мақсатында 21,0 млн. теңгеге «Ғаламдық экологиялық қоры» арқылы инкубациялық балық өсіру цехының жобасын іске қосып, 10 млн майда шабақтарды өсіріп, аудандағы табиғат пайдаланушыларға беруде.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 16 жоба іске асырылды. Жобалар бойынша 616 жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 667 адам (108,3 пайыз)
бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтылды. «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 727,4 млн. теңге қаржы қаралып, 3 жоба жүзеге асырылуда. Жақсықылыш кентінен «Спорттық сауықтыру кешені» құрылысы, № 19 орта мектебіне 100 орындық қосымша
жапсаржай құрылысының жұмыстары, Жақсықылыш кентінің 8,85 шқ болатын автомобиль жолдарының 17 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сексеуіл кентіндегі 40 төсектік аурухана құрылысы өтпелі жоба ретінде 2020-2021 жылдарға жоспарланған.
Бұдан басқа Арал қаласындағы № 71 мектеп-интернаты құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары биыл басталады деп күтілуде.

  • Мемлекет басшысының Жолдауын, мемлекеттік, салалық бағдарламаларды, облыс әкімінің 2021 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруды;
  • «COVID-19» індетінің таралуына жол бермеуді, алдын алу жұмыстарын күшейтуді;
  • Қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтауды, инвестиция тартуды, жаңа жұмыс орындарын құруды, кәсіпкерлікті дамытуды;
  • Арал қаласы мен елді мекендердің жол қатынасын жақсарту, ауыз сумен қамтамасыз ету, жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп елді мекендерді кезең-кезеңімен көгілдір отынға көшіруді алға міндет етіп қойып отырмыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған