QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Апостиль дегеніміз не ?

ByQAA.kz

Жел 11, 2020

Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. «Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады. Апостиль, шет мемлекеттік құжаттарға, басқа мемлекеттік органдарға оларды ұсынғанда заңды күшін береді. Натариалды расталған құжаттың көшірмесінде немесе түпнұсқасында мөртабан қою арқылы жасалады. Апостильді растау, құжат берілген мемлекетте ғана рәсімделеді.

Апостиль мөртабанын қою рәсімі құжат жіберілетін ел консулдық заңдастыру талабын жойған және заңдастырудың қарапайым рәсімі – апостильдеуді енгізген 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының қатысушысы болған жағдайда ғана қолданылады. Егер, Сіз құжат дайындап жатқан ел конвенция қатысушысы болмаса, консулдық заңдастыру қажет болады.

Апостиль құжатты ұсынған кез келген тұлғаның сұрау бойынша құжат мәтінінен бос жеріне, екінші бетіне немесе бөлек парақ бетіне қойылады. Мұндай жағдайда құжат парақтары мен апостиль қойылған парақ кез келген түстегі жіппен тігу арқылы бірге бекітіліп, нөмірленеді. Құжаттардың соңғы парағы бекітілген жерінен қалың қағаз «жұлдызшамен» желімделіп, оның үстіне мөр басылады. Мөр таңбасы «жұлдызшаның» үстіне және парақтың бетіне біркелкі орналасуы қажет. Бекітілген парақтар саны апостиль қойған тұлғаның қолымен расталады. 

Апостиль қойылған құжат Гаага конвенциясының кез келген қатысушы елінде пайдалануы мүмкін.      

Сондай-ақ, сот шешімдерін орындау әрі сот тапсырмаларын басқа елге жолдау кезінде, сол елмен Қазақстан арасында ешқандай келісім болмаса, ол ел Гаага конвенциясының қатысушысы болмаған жағдайда соттың құжаттарына апостиль қойылуы қажет.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы Н.Жиенкожа

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған