QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Апаттың алыс жақыны жоқ

Автор:QAA.kz

Июн 25, 2019

Жүректерді қозғап талай әнге арқау болған Арыс апаты расында да, жүректерді толқытты. Ондағы халықтың жағдайын адам басына бермесін. Арыстан алыста отырып-ақ, болған жайды оқығанда, естігенде-ақ аза бойың қаза болады.

Бар байлығы баласын жетектеп, көтеріп жол жағалаған халық көшкіні бейнебір ХХІ ғасыр Ақтабан шұбырындысы дерсің.

Ел болып болысып жатырмыз. Қолдан келгенше қайғыны жеңілдетуге тырысып жатырмыз. Кім-кімде аянып жатқан жоқ. Бірақ, төтеннен келген апат қорқынышы, үрейі сейілер емес. Жалғыз Арыс тұрғындары емес, бүкіл Қазақстан дүр сілкінді десе де болады…

Бейбіт өмірдің, тыныштықтың жер үстіндегілер үшін қаншалықты қымбат екенін сезіндік. Сондай-ақ, ел басына күн туғанда елім дейтін ерлердің күн-түнге қарамай етігімен су кешерін байқадық.

Өкініштісі, әлеуметтік мәселелерге орай жұртты алаңға жинап, шеру аңсап жүргендерді апат арашашысы арасынан көре алмадық. Астыңа тақ, басыңа бақ беремін деп елді ұйытатындардың  қол көмегін де, сөз көмегін де аңғармадық. Билікті жамандап, елді оған қарсы қоятындар осы апатқа неге қарсы тұрмады деген сұрақ ел көкейінде тұр…

Уақыт өте келе апат қорқынышы мен үрейі де басылар. Көп көмегімен босқан ел баспанасына оралар. Жақсы тұрмыс бастар. Содан кейін тағы да біреулер үшін осы апат жақсы тақырып болар.

«Жақсы сөз жарым ырыс».  Жақсы адамдар, игі істер туралы көп айтайық, көп жазайық.

«Басқа бәле тілден» демекші, жамандықты көп айтып, жамандықты тағы шақырмайық.

P.S.  Қыстағы періште бес қыздың өлімі әлеуметтің осал тұсы көп балалы аналар мәселесін ашып көрсетті. Арыс апаты халқымыздың аса бағалы құндылығы – қайырымдылығын, бауырмалдылығын көрсетті. Бұдан бөлек билікпенен ел арасын біріктірді.

С.Бихожаева

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *