2021 ж. Сәуір 14

Аналар алғыстарын айтты

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалына қарасты аумақтық филиалдар партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі санаттағы аналарды мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.


Олардың қатарында тыл ардагерлері, әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған сондай-ақ қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан батырлардың аналары бар.
Мереке аясында ұйымдастырылған шараларға облыстық, аудандық мәслихаттардағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелері белсенді атсалысып, аналарға ыстық ықыластарын білдірді.
Көктемнің шуақты мерекесінде өздеріне көрсетілген құрметке разы болған аналар шараны ұйымдастырушыларға ерекше алғыстарын айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған