QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Ана өтініші орындалды

ByQAA.kz

Қаң 25, 2021

Тұрғындармен кері байланыс жасау мен азамат¬тардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылатын партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп өтініш білдірушілердің саны толастаған емес. Әрине мұны соңғы үмітті жетеші партиядан іздеп келетін халықтың сенімі десек болады
Жақында осындай сеніммен «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қабылдауына келген қала тұрғыны Самал Байкенованың мәселесі оң шешімін тапты.
Атап өтейік, Самал Байкенова 2020 жылдың 22 желтоқсан күні облыстық партия филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде партия атынан депутаттыққа үміткер Нұридин Әмитовтың қабылдауына келіп, өзінің жалғызбасты, жұмыссыз,пәтер жалдап тұратынын сонымен қатар, 2 баласының мүмкіндігі шектелуі екенін айтып, бронхиалды астма диагнозымен ауыратын 7 жасар ұлының тыныс алуына қажетті неволайзер аппаратын алып беруге көмек сұрайды.
Қызылорда облыстық көпбейінді медициналық орталығының директоры, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нұридин Әмитов жалғызбасты ананың өтінішіне орай 7 жасар Құдіретке тыныс алу аппаратын алып беріп, оның тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Жалпы облыс бойынша жыл басынан партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтардан 64 өтініш түсіп, олардың 34,3 пайызы оң шешімін тапқан.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған