«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының «Қызылжарма» бастауыш партия ұйымында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс өтті.Партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында халқымыздың тарихын, өнері мен салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 4-5-ші сынып оқушылары қатысып, тартысты бәсекенің куәгері болды.

Адамның ойы мен шапшаңдығын, зейінін арттыратын тоғызқұмалақ ойыны халқымыз үшін ерекше құрметке ие. Жарыс барысында жүйріктер алға шығып, жеңімпаздар мен белсенді ойыншыларды партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев марапаттады.

Шара барысында Ибадулла Дүйсенбайұлы: Әрқайсыңыздың ұлттық ойындарға қызығып, оны жетік меңгергендеріңіз қуанарлық жағдай. «AMANAT» партиясының да көптеген бағытты қамтитын жобалары бар болса, соның бірегейі осы – «Ұлттық мұра» жобасы. Барлық жеңімпаздарды, сайысқа қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын, алар асуларыңыз биік болсын!,- деп лебізін білдірді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған