«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Тәжік-Ауған соғысының батырлары М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғарғы колледжінің студенттерімен кездесті.
Жоба аясында шаһар жастарының отансүйгіштік қасиетін арттырып, патриоттыққа баулу мақсатында бірқатар кездесулер жоспарланған. Соның алғашқысы ұлтымыздың батыр қызы Мәншүк Мәметова атындағы оқу орнында өтіп отырғандығы да бекер емес.
Жастармен кездесуде Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері бастан өткен шытырман оқиғалары мен отан алдындағы борышын өтеп жүрген кезден естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, жастарды әскерге барып, отан алдындағы борышын өтеуге шақырды. Қазіргі таңда әскери қызметтегі адамдарға мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндік жасалып, бүгінгі күні сұранысы жоғары мамандыққа айналып отыр. Бұл тұрғыда колледж студенттері өздерін толғандырған сауладарын жолдап, ардагерлермен пікір алмасты.