QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қалың қолғап Covid-тен сақтайды ма?

ByQAA.kz

Қаз 23, 2020

Індеттің зардабын шекпес үшін бетперде тағып, медициналық қолғапты кию шарт. Алайда, алдымызда қақаған қыс. Күн суықта медициналық қолғап киіп жүру ойға сыйғысыз әрі ыңғайсыз.

Осы орайда күн суықта киетін қысқы қалың қолғап та адамды вирустан сақтайды дейді ғалымдар.

Ең бастысы, қолғаппен бетіңізді ұстамасаңыз болғаны. Себебі, қолғаптағы бактериялар теріге оңай көшеді.

Қолғаптан бұрын бетперденің дұрыс тағылмауы да індеттің жылдам таралуына әкеп соғады.

Ал біздің жұрт көшеде бетпердесіз жүріп, ғимарат ішінде ғана бетпердесін тағып, қолғабын киеді. Сырттан вирус әкелгенімен шаруасы жоқ. Бастысы, айыппұлға ұрынбасам екен деген ой емес пе? Десе де, айыппұл үшін емес, денсаулық үшін сақтық шараларын ұстанған абзал.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған