2021 ж. Сәуір 14

Қалдарбековтың қарымы

Әбдіқалықованың әкімдері әлеуетті ме?

Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбеков жергілікті жер өндірісін дамытуда өзіне әкім шақ келтірер емес… Биылғы жылы ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ақай және ІІІ- Интернационал ауылдық округтерінде спорттықсауықтыру кешендерін салу жоспарлануда.
Сонымен қатар «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Төретам кентінде 20 көшені орташа жөндеуге 394 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы жаз-қыс мезгілінде балалар демалатын лагерь құрылысын уақытылы аяқтау үшін тиісті облыстық басқармалармен тығыз байланыстағы жұмыстар жалғасып, аталған нысанға 2021 жылға облыстық бюджеттен Қызылорда облыстық мәслихатының шешімімен құрылысын аяқтауға қажетті 783, 3 млн теңге қаржы бөлініп, нысан құрылысын үстіміздегі жылы аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда «Агрозона» құру жұмыстары қолға алынуда. Бұл жұмыстар бойынша аудан көлемінің 22 аймағынан 566 гектар жерге бау-бақша, көкөніс егу жоспарлануда. Негізгі мақсаты әрбір ауылдық елді мекендердің жанынан тұрғындардың бау-бақша егуге жағдай жасау болып табылады. Бұл дегеніміз әрбір отбасы қажетті қыс мезгілінде бақша өнімдерімен өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызу.
Қазіргі таңда ауылдық елді мекендерде ниет білдірген тұрғындарға бау-бақша егу үшін жерді өңдеу мен аяқ-сумен қамту туралы шаруашылықтармен бірлесіп тиісті жұмыстар атқару үшін сала басшыларына тапсырмалар берілді. Қармақшы ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуымен қатар тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасай отырып, аймағымыздың қарқынды серпілісіне өзіміздің үлес қосу – басты мақсат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған