QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

АЛДА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫС КӨП

Автор:QAA.kz

Фев 4, 2021

Қызылорда қаласының әкімі
Н.НӘЛІБАЕВ: АЛДА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫС КӨП

Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы қаламыздағы тұрғын үй құрылысына және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерден 5,5 млрд. теңге бөлінді.
Бұл қаржы СПМК-70 және Сырдария өзенінің сол жағалауына 1 мың 290 көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысын облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру арқылы жүргізуге, СПМК-70, Жезқазған тас жол бойындағы 150 гектар жер мен Шанхай, Титов, Әль-Фараби мөлтек аудандарының инженерлік инфрақұрылымын жайластыруға бағытталды.
Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасына сай қаралған 1,6 млрд. теңге аз қамтылған көп балалы отбасыларға 192 тұрғын үй сатып алуға бөлінді.


Елді мекендерді ауыз сумен қамту және су бұру жүйелерін дамытуға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 392 млн. теңге бөлінсе, Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында 5,5 млрд. теңге бөліну жоспарлануда. Оның ішінде 4,4 млрд. теңге Бәйтерек шағын ауданындағы 600 орындық, Қызылжарма ауылдық округіндегі 900 орындық мектептің құрылысын жүргізуге, қаладағы су және кәріз желілерін, канализациялық насостық станцияларды қайта жаңғыртуға бағытталатын болады. Сырдария өзенінің сол жағалауынан көгалдағы хоккей алаңын салуға, Ғ.Мұратбаев көшесінде орналасқан «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» бақылау өткізу пунктін қайта жаңғыртуға, Тасбөгет кентінде салынатын денешынықтыру –сауықтыру кешенінің құрылысына, қалалық ішкі істер басқармасының Тасбөгет полиция бөлімшесінің уакытша ұстау пунктіне қосымша бөлме салу үшін әкімшілік ғимаратын қайта жаңғыртуға облыстық басқармалар арқылы 1,1 млрд. теңге қаралуда. Жоспарға сай Қосшыңырау және Талсуат ауылдық округтерінің инженерлік инфрақұрылымын жайластырып, дамытуға «Ауыл — ел бесігі» шеңберінде – 351 млн.теңге қаржы қаралады деп күтілуде.


Ал Қазақстан Республикасы Ұлттық қор есебінен бөлінген 1,8 млрд. теңге қаржы есебінен Сырдария өзенінің сол жағалауындағы С.Бейбарыс көшесіндегі көпірден бастау алып, ұзындығы 2,35 шақырымға созылатын жалпы қалалық маңызы бар магистральдің құрылысын жүргізуге 1,1 млрд. теңге бөлінсе, С.Бейбарыс көшесі мен Жібек жолы даңғылын жалғайтын «Қызылжарма» каналына дейінгі магистральдің құрылысын жалғастыруға 294 млн. теңге қаралды. Қалған 356 млн. теңге қаланың сол жақ жағалау бөлігіндегі саяжай ауданына аудандық маңызы бар көше салуға бағытталды.
Қалалық бюджетте қалыптасқан бос қалдық есебінен 51,3 шақырым болатын 94 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізуге 1,7 млрд. теңге бағытталды. Оның ішінде 498 млн. теңге Әл Фараби, КБИ және Бәйтерек мөлтек аудандарындағы жалпы ұзындығы 9,2 шақырым болатын 27 көшеге малта тас төсеуге қаралды. Бұдан бөлек Сырдария өзенінің сол жағалауынан апаттық үйлерде тұратын отбасылар үшін 50 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізуге 615 млн. теңге бөлінді. Қала әкімдігіне халықтан келіп түскен арызшағымдардың басым бөлігінің көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі екендігін ескере отырып, қалада жеке инвесторлар қаржысына салынып жатқан тұрғын үйлерден 60 пәтер сатып алуға қалалық бюджеттен 276 млн. теңге бөлу жоспарланса, қала тұрғындарының сұрауы бойынша көп қабатты үйлердің аулаларына 10 ойын алаңын салуға 175 млн. теңге қаржы бөлінді.


Қала әкімі Н.Нәлібаевтың қоғамдық кеңес
алдындағы есебінен

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *