QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Алаяқ жауапкершілікке тартылды

ByQAA.kz

Там 3, 2020

Қызылорда қаласының тұрғыны әкімшілікте жұмыс жасайтындығын айтып, көп қабатты үйлерден пәтер алып беремін деген желеумен өзінің танысының жеке куәлігі мен банк картасын пайдаланып, оның атынан микрокредиттік мекемелерден жалпы 305 000 теңге несие рәсімдеген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Күдікті азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндірген.

Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған