QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қалалық білім бөліміне жаңа басшы келді

Автор:QAA.kz

Май 21, 2019

20 мамырдан бастап қалалық білім бөлімінің басшысы лауазымына Меруерт Әбдіқалықова  тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Меруерт Наушақызы 1969 жылы 30 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1992 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласында орналасқан №23 мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастап, Қызылорда және Тараз қалаларында ұстаздық қызметтерді абыроймен атқарып келді.
2014 жылдан бері қаламызда білімнің қара шаңырағы болып саналатын №3 мектеп-лицейінің директоры қызметінде.
Білім саласына сіңірген еңбегі үшін көптеген алғыстармен, наградалармен марапатталған.
2008 жылы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атанған.
Қазақ тілі мамандарына арналған «Тілдер нормасы» әдістемелік нұсқаулығының авторы.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген «2013 жылдың Үздік педагогы» атағының иегері.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *