QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Қала тұрғындары дәрі-дәрмектен тапшылық көрмейді…

ByQAA.kz

Шіл 22, 2020

Қызылордаға Шымкент қаласынан 100 мыңға жуық дәрі-дәрмек жеткізілді.

Бұл қала әкімдігі және ірі дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін көтерме сауда мекемелерінің Шымкент және Алматы қалаларындағы дәрі-дәрмек өндіруші кәсіпкерлермен қажетті өнімдерді уақытылы жеткізу жөніндегі жасаған келісімі негізінде жүзеге асырылып отыр.

Қаламыздағы дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында жасалған келісім негізінде аймақ орталығындағы сұраныс білдірген 30 дәріханаға аптасына 3 мәрте фармацевтикалық өнімдер жеткізілуде. Оның ішінде эйфулин, дексаметазон, леовит, витамин С, глюкоза, цефазалин сынды өнімдер және басқа да дене қызуын түсіретін дәрілік препараттар бар.

Жұмысшы топ қала аумағында орналасқан сұраныс білдірген дәріханаларда дәрі тапшылығын жою мақсатында күнделікті аралайды. Әрбір дәріханада қандай қажеттіліктер бар екенін анықтап, уақытылы дәрі-дәрмектің жеткізілуін бақылауды ұстайды.

Арнайы мобильді топ алдағы уақытта да қала аумағындағы дәріханалардың қызметіне мониторинг жұмысын жалғастыратын болады.

Қажетті препараттармен қамту шаралары ұдайы шаһар басшысының тікелей бақылауында.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған