QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

АЙЫР ҚАЛПАҚТЫЛАРДЫҢ АЙЫ ОҢЫНАН ТУА МА?

ByQAA.kz

Қаз 8, 2020

Қырғызстандағы ахуал ушыққалы үш күннің жүзі болды. Әзірше президент Жанибеков отставкаға кету жайлы мәлімдеме жасамады. Дәл қазіргі уақытта барлығы басылып, жұрт өз тірлігін жалғастыруда. Қоғамдық көліктер жұмысын жалғастырып, полиция штаттық режимге көшті. Айтпақшы, төңкеріс кезінде 4 қоғамдық көліктің тасталқаны шыққан еді.

Осымен екі күн бойы ел басшысыз қаңырап тұр. Кезінде уақытша ел басқарған Роза Отунбаева елді бірігіп бұл мәселені шешуге шақырды. Алайда, оған құлақ асар ешкім жоқ. Елдің мен деген азаматтары мемлекеттегі ретсіздікті қолға алып, жөнсіз қақтығысты тоқтатты. Қазіргі күні олар Қырғызстан премьер-министірін ауыстырып та үлгерді. Бұрынғы үкімет басшысы Кубатбек Боронов өзін барлық міндетінен босатты. Ел-жұрт болса бұрынғы депутат Садыр Жапаровты үкімет басшысының міндетін атқарушы етіп сайлады.

Қаншама төңкеріс болса да билікте еш өзгеріс жоқ. Жастарға кезек берер кез келді дейді наразы жұрт.

Бұл орайда бұрынғы президент Атамбаевтың босап шыққаны жария етілген болатын. Жетінші қазан күні оның жақтастары «Форум» ғимаратының алдында жиналды. Әзірше олардың не істейтіні белгісіз. Осы уақытта 150-ге жуық адам жиналған. Және адамдар келуін тоқтатпақ емес. Онымен қоса, 20 кіші автобус ғимарат маңында дайын тұр.

Қанды жексенбі секілді оқиғаны БҰҰ бас хатшысы Антониу Гетерриш жіті бақылауда. Жексенбідегі парламент сайлауына наразылық танытқан халық келесі күні елді басына көтерген еді. Бүлік барысында бір адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақаттанды. Кей сарапшылар бұл Қырғыз еліндегі шектен тыс еркіндік пен демократия салдарынан дейді. Халық еркінсіп, билік пен заңды құрметтеуден қалды дейді.

Ал орын алған жағдайға байланысты ғаламтор беттерінде ең қауіпті мамандық Қырғызстанда президент болу деген мысқыл әзілге ұласуда.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған