QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ҚАЙТА КЕЛГЕН ХАТШЫЛАР

Автор:QAA.kz

Янв 21, 2021

Ресми дерек бойынша өткен аптада аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен облыстық мәслихаттың VII шақырылымының алғашқы сессиясы өтті. Аталған отырыста 7 мәселе талқыланды. Онда облыстық мәслихаттың хатшысын сайлау, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және олардың тізбесі мен сандық құрамын белгілеу, тұрақты комиссияларының құрамын және төрағаларын сайлау, облыстық мәслихаттағы «Nur
Otan» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу мен кезекті
сессиясының төрағасын сайлау мәселелері айтылды». Аймақ
басшысы өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуы мәслихаттың
жұмысымен тікелей байланысты екенін атап өтті.


Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында дауыс беру қорытындысымен Қызылорда облысы республика бойынша екінші орында иеленіп, сайлаушылардың 73,9%-ы сайлауға бел­сенді қатысты. Жалпы сайлау қорытындылары бойынша біздің облыста барлық партия өкілдері мәслихаттарда мандат иеленді. Барлық деңгейдегі
мәслихат депутаттарына 152 мандат берілді, оның 126-сы «Nur Otan»
партиясы, 15 мандат «Ауыл» партиясы, 4 мандат Қазақстан Халықтық
партиясы, 5 мандат «Ақ жол» партиясы және 2 мандат «Адал» партиясы иеленді. Облыстық мәслихаттың жаңа
депутаттық құрамы VI шақырылымның
12 депутаты және жаңадан сайланған 22 депутаттан құралды.


Облыстық мәслихат депутаттарының дауысымен облыстық мәслихат
хатшылығына депутат Наурызбай Байқадамов сайланды. Айта кетерлігі Наурызбай Сейітқалиұлы осы шақырылымдағы депутаттардың бірқатары бұған дейін де депутат
болған сияқты бұған дейін де облыстық мәслихаттың V шақырылымында мәслихат хатшысы болып, кейіннен
облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Арада біршама уақыт өткеннен кейін мәслихат хатшылығына қайта келді.

Ал VII шақырылымдағы қалалық мәслихаттың құрамы 22 депутаттан тұрады. 18 депутат «Nur Otan» партиясынан, «Ақ жол» және Қазақстан Халық партиясынан 2 депутат сайланған. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрамы жаңарған жаңа мәслихаттың депутаттары алдыңғы әріптестерінің жұмысын табысты, байыпты жалғастыратындығына сенім білдірді.
Қалалық мәслихат хатшысы болып Ибадулла Құттықожаев сайланды. Ол да қалалық мәслихаттың IV-V шақырылымында депутат болумен
қатар қалалық мәслихаттың хатшысыболды. Әр жылдары қалалық және облыстық мекемелерде жауапты қызметтер атқарып, мәслихат хатшысы болып қайта сайланды.

А.ҚАНЖАРБАЕВА, А.ЕРАЛЫ


QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *