QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

ҚАЙСЫСЫ СЕНАТОР?

ByQAA.kz

Шіл 16, 2020

Дәл қазір осы сұрақ қызып тұр. Кандидаттардың қай-қайсысы да осал емес. Оның үстіне ұсынылған кандидаттардан бөлек, ұсынылуы мүмкін деген жаңа есімдер де аталып, елді алаңсыз алаңғасар етті. Қай кезде де сенат сайлауы Сыр бойында тартысты өтеді. Мәселен, С.Нұрғисаев әкім болған тұстағы сенат сайлауындағы сол кездегі сенатор О.Сәпиев пен облыс әкімінің босап қалған орынбасары Н.Ерімбетов арасындағы, одан әрідегі Б.Сапарбаевтың әкім болған кезіндегі Б.Досманбетов пен сол кездегі сенатор Б.Каюпов арасындағы сайлау бейжай өтпегені көпшілікке мәлім. Бұрынғы сенатор Б.Досманбетов әр сайлауға түскен сайын оған мықты үміткер, қарсылас сайланып түсетін. Бақберген Сәрсенұлы мен Алмагүл Божанова, қазіргі сенатор М.Бақтиярұлы арасындағы бәсекелестік те ел есінде. Жалпы, биылғы жыл Сыр бойында әйелдер жылы болып тұр. Аймаққа Г.Наушақызы облыс әкімі болып тағайындалғанынан бөлек, жергілікті “Nur Otanда” әйелдер өз позициясын ұстап қалды. Рас, облыстық халықтар ассамблеясы хатшылығын жігіттерге беріп алғанымызбен, бұрынғы хатшы Ләйлә Төрешованың “Nur Otanға” баруымен мәртебемізді биіктеттік. Ішкі саясат, экономика сияқты басқармалар тізгінін де қыздар қолға алды. Тіпті, биылғы сенат сайлауына да алғаш рет А.Әлназарова үміт етіп отыр. Кандидаттар ұсыну тағайындалған күннен бастап (13 маусым) бірден бес үміткер тіркелді. Алда бір айға жуық уақыт болғанымен, күннің сенбі екеніне қарамастан үміткерлер өз-өздерін ұсынып, ниеттерін елге жария етті. Жаппай өз-өзін ұсынған үміткерлер тізбесін Қызылорда облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы С.Сермағамбетов бастапты. (Ұсынысты тіркеу аяқталған күннің (13 шілде) ертеңіне үміткерліктен бас тартты). Одан кейін күні кешеге дейін “Nur Otan” партиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал, “Азаматтарға арналған Үкіметтің” Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры А.Қайруллаев, “Таң” ЛТД ЖШС директоры Шагиртаев Имамзада, “Абай Дәулет” ЖШС бас директоры.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған