QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қай елде басшы әйелдер көп?

Автор:QAA.kz

Фев 9, 2021

Ел басқару ісінде көзге түскен, әлемдік аренадан ойып тұрып орын аларлық тұлғалар жетерлік. Бұл тұста ойға М.Тэчер түседі. Темір әйел лақап атын оған тегіннен тегін бермегені анық. Немесе, көпке мәлім Германияның канцлері А.Меркельдің өзі саясаткерлігімен талайды тамсандырған. Алайда, әйел адамдардың басшылық қызметте жүруін бірі қолдаса, басқасына әбден ұнамасы анық.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше арнайы таңдалып алынған әлемнің 83 мемлекетінде әйелдер билігі басымдыққа ие көрінеді.

Көш басында Иордания мемекеті тұр. Бұл жақтағы басшы әйелдердің үлесі 62 пайызды құрайды екен. Ал одан кейінгі тізгінді Белоруссия ұстап тұр. Лукашенконың еліндегі белсенді әйелдердің үлесі 49,1 пайызды құрайды екен. 14 орынға жайғасқан көрші Ресей 44,7 пайызбен алдыңғы қатарларда келеді.

Ал ең аз көрсеткішке ие Үндістан, Оңтүстік Корея, Жапония елдері екен. Олардың дәстүрін ақпарат көздері арқылы оқып, танысудамыз. Үнділердің өзі әйелдерінің көп жұмыс істегенін қаламайды. Ер адам өз отбасын асырауға тиіс. Сондықтан, бұл елдерде әйел адамдар тек үй шаруасымен ғана айналысады.

Немесе, әйелдердің басқаруын талап ететін мамандықтың да түрлері көп. Қазіргі кезде телевизия салаларының біразын әйел адамдар басқарады. Немесе, сән үйлері, сән журналдары секілді ерлерге жат мамандықтарда әйел адамдар бой көрсетуде.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *