QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Ахметов айтып ғана қоймайды

Автор:QAA.kz

Фев 1, 2021

Бүгіннен бастап салдыру басталған вакцинаның басы дауда. Бұрын билік айтса болды, қайсыбір іс болмасын оңынан келе беретін. Қазір билік бүй дейді, жұрт басқа дейді.

Әйтеуір қайсыбір іске болмасын күмән де, күдік те көп. Амал жоқ, бір айтқанда қайта-қайта айта беруге тура келеді.

Облыс әкімінің орынбасары С.Ахметов «вакцина — коронавирус атты індетке қарсы бірден бір құрал» екенін айтқаннан бөлек, іс жүзінде көрсеткісі келген болар, бүгінгі күнге Сыр бойына 1000 дозасы келген «спутник V» вакцинасының ең біріншісін өзіне салдырды.

Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, созылмалы аурулары бар адамдарға салынатын екпе 65 жастан асқан егде адамдарға және 18 жасқа дейінгі балаларға салынбайды.

Жыл соңына дейін кезең кезеңімен 80 мың доза «спутник» келуі керек.

P.S: Айтпақшы С.Ахметов өзі бастағаннан соң, одан қалмаймыз деп, қарбаласып өз еркімен екпе салдырмақшы еріктелер де көбейіп тұр… Әлеуметтік желіде…

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *