18 ақпан күні сағат түнгі 00-50 шамасында Қызылорда қаласы Әл-Фараби мөлтек ауданындағы жалдамалы үйде өрт орын алды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себептері ашық отты пайдалану немесе электр желілерінің тұйықталуы. Әзірше оқиға орнында зерттеу өкілдері жұмыс жасауда.
Аталған оқиғаға 33 қызметкер, 10 техника жұмылдырылып өрт тоқтатылды. Үйде анасы мен болған 4 қызының біреуі оқиға орнында қайтыс болып, аман қалған шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оқиға уақытында балалардың әкесі вахталық жұмыста болған. Зардап шегушілердің хәлі қазіргі күні орташа деп бағаланды.