QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Ағылшын бағыты жүзеге асырылды

ByQAA.kz

Қаз 13, 2020

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КАҚ Волонтер жылында жүзеге асатын 7 бағыттың «Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша республиканың барлық аймақтарына арналған грандтық, конкурс жариялаған болатын. Конкурс қорытындысы бойынша Қызылорда облысында жобаны  «Сана» зияткер жастар мектебі» ҚҚ жүзеге асырады.

«Birgemiz: Bilim»жобасының мақсаты орта мектептердің арналған дайындық сабақтар, ағылшын тілін, компьтерлік және құқықтық жоғары сынып (8-11 сынып) оқушыларына ҰБТ-ға және олимпиадаларға сауаттылықты оқыту курстары бойынша волонтерлік көмек көрсету.

Жобаның мақсатын түсіндіру аясында Қызылорда қаласында және Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Жаңақорған ауданында ZOOM  плотформасы арқылы волонтер мұғалімдермен кездесу өтті. Кездесу барысында 200-ге жуық волонтер қамтылды.

Ағымдағы жылдың тамыз айының 1-і  және қазан айының 31-і аралығында жоба аясында  ағылшын бағытындасабақ  өтілді. Сабақтың ұзақтығы 56 академиялық сағатты құрады. Бұл міндетті іске асыру үшін 30 волонтер жұмылдырылды.Жобаны қамту-өңір бойынша 300 оқушы қатысты.56 академиялық сағат қамтылды.Жобаға атсалысқан волонтерларға 30 рюкзак пен арнайы нұсқаулық, қойын дәптер, флешка берілді.

«Birgemiz: Bilim»жобасы«Сана» зияткер жастар мектебі»  қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асты.

Мен,  Аманбай Қарақат Шиелі ауданы Жақаев ауылының тұрғынымын. Қазіргі, таңда 8 сынып оқимын. «Birgemiz bilim» жобасы бойынша Ағылышын бағытында білім алдым. Мен бұл жобадан ағылшын сабағында білмейтін граматикалық жәнеформалық негіздерді үйрендім. Сабақ үлгерімімде жақсарды.  Жобаға үлкен алғыс білдіремін.

Мен Сейтжапбар Назерке Алматбайқызы Шиелі ауданы, Ә.Тәжібаев тұрғыны, «Birgemiz Bilim»   жобасына қатысып жатқаныма қуаныштымын. Бұл жобаның жастарға берері көп. Мамандардың біліктіліктерін жетілдіруге, тәжірибе жинақтауға үлкен көмегін тигізеді. Жоба өзіме қатты ұнайды. Оқушыларға білім беріп, аянбай қызмет ететін. Барша жобаға қатысушыларға, жобаны қолдаушыларға алғысым шексіз.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған