QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

АҚСУАТТА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ КӨП

Автор:QAA.kz

Фев 4, 2021

Қызылорда қаласының іргесінде орналасқан іргелі елді мекеннің бірі – Ақсуат ауылдық округі. Қай салада болмасын өрістеуді өзгелерден ерек бастайтын округте өткен жылдың өзінде атқарылған шаруалар
ауыз толтырарлықтай. Халық игілігі үшін нысандар жаңарса, кей жолдар жөндеуден өтті. Былтырды беске бағалаған ауыл
әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаев тұрғындардың алдында есеп берді.

Мемлекеттік органның құрылу тарихы:
Ақсуат ауылдық округі – негізі 1928 жылы қаланған. Ауыл алғашқы
ауыл шаруашылық артельдерін ұжымдық шаруашылықтарды ұйымдастыруға қатысқан Жанбосынов Ешпанның атымен Ешпан ауылдық кеңесі аталған.
1928-1932 жылдар аралығында құрылған майда серіктестіктер 1934 жылы төртінші ауылдық кеңесі бойынша Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров, Қызылорақ, Қызылқұм, Қара Қожа, Батбаққара ұжымдық шаруашылықтары болып ұйымдасқан. 1938 жылы мамыр айында бұл 7 шаруашылық біріктіріліп, 3 шаруашылыққа (Жасқайрат, Жаңатұрмыс, Киров) айналды. 1950 жылы бұл үшеуі біріктіріліп іргелі шаруашылық Киров колхозы болып құрылды. 1972 жылы Киров колхозы көкөніс және сүт өндіретін совхозға айналды. Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін 1992 жылдан бастап жекешелендіру кеңінен етек ала бастады. Совхоз Қаратабан, Жаңадария, Бесарық, Қырықбайтақ деп аталатын 4 ұжымдық кәсіпорындарға бөлінді. Олар бидай, күріш,
көкөніс, жоңышқа егумен және мал шаруашылығымен айналысты. 1993 жылдың ақпан айында ХХІ шақырылған халық депутаттарының облыстық Кеңесінің ХІ сессиясының Қаулысымен Сырдария ауданы Киров ауылдық Кеңесі Ақсуат ауылдық Кеңесі болып аталды. 1994 жылдан бастап Киров совхозы Кеңестер Одағының батыры Жақыпбек Маханбетов ауылы болып аталды. 1997 жылы маусым айында облыстық мәслихат және облыс әкімдігінің шешімімен Сырдария аудан таратылып, Ақсуат ауылдық округі Қызылорда қаласына қарады. Қызылорда қаласы әкімінің 2003 жылғы 28 шілдедегі №3052 санды шешімімен Ақсуат ауылдық округінің жер көлемі – 18230 гектар болып бекітілді.


Кәсіпкерлікке қолдау бар

Аталған ауылда тұрғындар мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануда. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында 46 млн. 645 мың теңге болатын 12 жоба, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 7 млн. 240 мың теңге болатын 1 жоба, «Сыбаға» бағдарламасы аясында 32 млн. теңге болатын 1 жоба және «Сырдария -1» несие серіктестігі арқылы 6 млн. 945 мың теңге болатын 1 жоба қаржыландырылған.

«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасы аясына 50 млн. теңге болатын 3 жоба қаржыландырылып, 5 млн. теңге болатын 1 жоба қолдау алды.Кәсіпкерлікке оқыту «Бастау Бизнес» және «Бизнес мектеп» курстарына барлығы 11 адам тіркеліп, 10 адам сертификатын алды. Нәтижесінде, Ақсуатта кәсіпкерлік субъекті саны 312-ге жетіп, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 43 кәсіпкерге артқан.

Шаруадан ши табылмады

Мал басын бірдейлендіру мақсатында есепті мерзімде 2104 бас мүйізді ірі қара мен 2302 бас уақ малы сырғаланып, компьютерлік дерек базасына тіркелді. Ауылдық округте 3 шаруа қожалығы «Алдан», «Қайрат», «Самат» шаруа қожалықтары бірігіп, 405 гектар жерге күріш егіп, 2295 тонна күріш жинап, әр гектардан 56,6 центнерден өнім алды.
2020 жылы «КазАгроМир» ЖШС-нің жылыжай кешені ашылып, 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Күніне 4 тонна қияр өндіріліп, жергілікті нарыққа 150 теңгеден ұсынылды.


Нысандар күрделі жөндеуден өтті

Жеке кәсіпкер Иманбердиева Шәркүлдің демеушілігімен «ӘліАрыстан» мешіт Үйі жанынан қосымша балалар білім алатын медресе мен асхана ғимараты салынып, мешіт Үйіне кеңейту жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында №143 мектепке
күрделі жөндеуден өтті. «Мұнай құрылыс» ЖШС-і мекемесі жүргізген
жөндеу жұмыстары бүгінде сапалы түрде аяқталып, пайдалануға берілді. Бүгінде ауылға қарасты екі мектепте 48 кезекшілік топ жұмыс жасап, 771 бала білім алуда.

Мектеп ғана емес, аталмыш
округте бөбекжай – бақша да жаңарды. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген 120 орындық «Асыл — Ай» бөбекжай – бақшасы өз жұмысын бастады.

Жолдар жаңарды


«Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында барлығы 21 көшеге 253 млн.
277 мың теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 227 млн. 951 мың теңге және қалалық
бюджеттен 25 млн. 327 мың теңге. 21 көшенің 12 көшесіне тас
төсеу жұмыстары жүргізілсе, 5 көше асфальтталды. Соның ішінде, 3 көшенің жұмыстары толық жүргізілмеуіне байланысты 49 млн. теңге бюджетке қайтарылған.

«Өңірлерді дамытудың 2020-2025
жылдарға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 1 көшеге 4 млн. 600 мың теңге және жергілікті бюджеттен 1 көшеге 2 млн. 700 мың теңге қаржы қаралып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен Адыран Найзағараев, Үміт Тоқмағанбетова көшелеріне және №143 мектеп алдына ұзындығы 1,6 шақырым болатын қала көшелерінен ауыстырылған брусчаткалардан жаяу жүргіншілер жолы салынды.


Ауыз су мәселесі шешілді

Өткен жылдың жүзеге асқан жұмыстарының бірі – ауыз су. Ауылдың жаңадан қоныстанушы тұрғындарын ауыз сумен қамтудың 2018 — 2020 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын аяқтап пайдалануға берді.


Спорт құрылғылары орнатылды


Ж.Маханбетов ауылында спорттық көше тренажерлары да орнатылды.Ол үшін жергілікті бюджеттен 7 млн. 600 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер «ПолиСтройПроект» Жауапкершілігі
Шектеулі Серіктестігі құрылыс жұмыстарын жүргізіп пайдалануға берді.

Ендігі жоспардың еншісінде…

Қызылорда облысын әлеуметтік — экономикалық дамыту кешенді жоспарына сәйкес, Ж.Маханбетов ауылы мен «Наурыз» саяжайын газбен қамту 2021-2022 жылдарға жоспарлануда. Ауылдық округтегі жаңадан қоныстанушы тұрғындар орналасқан 20,8 шақырым болатын 14 көшені электр жүйесімен қамту мақсатында қалалық бюджеттен қаралған жоба сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, 5 көшені түнгі жарықпен қамту мақсатында жоба сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім жолданды.

Қайырымдылықты ту еткен

Жеке кәсіпкер Гейдарова Гулмира ауылдық дәрігерлік амбулаторияға 157 мың теңгенің дәрі дәрмектерін алып берсе, ауыл халқы қаражат
жинап, тұрмысы төмен отбасыларына таратып, ауылдық дәрігерлік амбулаторияға 500, қалалық емханаға 500 бір реттік бетперде табыстады. Оқу жылында №143 мектеп пен №268 мектеплицейі балансынан тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан шыққан 99 бала компьютер және планшетпен, 131 бала ноутбукпен қамтылса,
«Мектепке жол» акциясы аясында 21 планшет, 1смартфон, 50 Сим карта, 29 оқу құралдары табысталды.

Ақсуаттық тұрғындар былай дейді:

«Ақсуат» ауылының тұрғыны Ш.Әбсәдіков:

  • Негізгі мәселелердің бірі – газ. Ауыл тұрғындары үшін керегі осы.
    Екінші мәселе – жол белгілерін қойса деген ұсыныс бар. Ауылға
    кіреберіс жолдарда қауіпсіздік қамтылған жөн. Ауыл әкімі өзінің
    лауазым шеңберіндегі жұмыстарын орынды орындап, біліктілігін дәлелдеп келе жатыр.

«Ақсуат» ауылдық округінің әкімі М.Ақмырзаев:

  • Кешенді жоспарға сәйкес жоба жасалды.Қаржы реттелсе,
    жүзеге асады. Ауылға газ әкелу облыс және қала әкімінің де басты назарындағы мәселе. Екінші мәселе бойынша ұсынысыңыз да орынды. Жоба жасалған кезде ол мәселені осыған дейін де көтерілді және тиісті жауап алынды. Жол ашуға мүмкіндік жоқ делінген жауап берілді. Сіздердің осы ұсыныстарыңыз бойынша жауапты мамандарға жолықтым. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұсыныстар жолданады.

«Ақсуат» ауылының тұрғыны С.Балғабаев:

  • Ауылдың бұған дейінгі тыныстіршілігін жаңадан көшіп келсем де
    жақсы білемін. Найзағаев көшесінде қоныстанғанмын. Ол жақта
    жарық мәселесі маңызды. Екінші мәселе – мектептің алдымен
    қоғамдық көлік жүргізілгені жөн. Қазір мұнда ешқандай қоғамдық
    көлік жүрмейді. Қысты күні оқушылардың сабаққа қатынауына кедергі болмауы тиіс.

«Ақсуат» ауылдық округінің әкімі М.Ақмырзаев:

  • Сұрақтарыңыздың барлығы орынды. Найзағаев көшесінің
    бойы ғана емес, жаңадан қоныстанған көшелердің барлығы
    жарықпен қамтамасыз етілуі міндетті. Бұл мәселе турасында
    айтылып келеді. Қалалық құрылыс бөлімі арқылы жоба жасалды. Енді мердігер мекеме анықталса, бірнеше көшеге жарық тартылады деп жоспарлануда. Елдің аумағы ұлғайған сайын тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып жүзеге асуы тиіс.
    Осыған дейін зерттеп, зерделедік. Қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы бөлімімен жол полициясы келісім берсе, қоғамдық көліктер жүргізіледі. Өйткені, ызба бекітілуі керек. Сол жол сызбасы негізінде қолданысқа енгізілуі керек.

«Ақсуат» ауылының тұрғыны:

  • Мен көпшіліктің ұсынысын жеткізбекпін. Қоғамдық көліктің бірі
    халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізілсе дейміз. Оның үстіне «Болашақ» университетінде білім алатын ауыл балалары бар. Ауыл әкімінің жұмыстарына оң
    бағамызды береміз. Жұмыс ретімен және кезегімен жүзеге асуда.


Қанат Рахметов, қалалық автобус паркі директорының
орынбасары:

  • Сол жағалауға да халық көп қоныстануда. Ол жақтың сызбасында қоғамдық көліктер қарастырылған. Жақын арада айтқан ұсынысыңызды сызбаға енгізіп, әрекет етеміз.


А.ӘЛИАРЫСТАН

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *