2021 ж. Сәуір 14

АҚШ-та қаралы күні жарияланды

Осы жылғы 23 ақпанда АҚШ президенті Джо Байден бірінші ханым Джилл Байденмен, сондайақ вице-президент Камала Харриспен және оның күйеуімен бірге пандемия басталғаннан бері COVID-19-дан қайтыс болған 500000-нан астам американдықтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Жақындарынан айырылғандарға: Мен ешқандай жылы сөздің батпайтынын білемін, бірақ сенің ұлтың сенімен бірге қайғырып
отырғанын білгенде жұбаныш табасың деп сенемін». Пандемиядан көз жұмған американдықтар саны Бірінші дүниежүзілік соғыс, Екінші дүниежүзілік соғыс және Вьетнам соғыстарында қаза тапқандарға қарағанда көп. Байден коронавирустың салдарынан қайтыс болған америкалықтарды жоқтаудың белгісі ретінде елдегі жалаушаларды бес күнге түсіруге бұйрық берді. Нью-Йорк Таймс газетікезекті нөмірінің айқарма бетінде АҚШ-та COVID-19 қайтыс болғандардың құрметіне 500000 нүкте басып шығарды. Әр нүкте коронавирустан қайтыс болған адамды бейнелеп, еске салады. Мемлекет басшысы күн батарда марқұмдардың рухын бір минут үнсіздікпен еске алып, шырақтар жағып, сөз сөйлейді деп күтілуде. Елде мемлекеттік жалаулар бес күн бойы түсіріледі. Джон Хопкинс университетінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, АҚШ-тағы коронавирустық инфекциядан туындаған асқынулардан қайтыс болғандар саны 500 071-ге жетті. Елде инфекцияға шалдыққан 28 174 133 адам анықталды. Құрама Штаттар өлім саны бойынша да, жұқтырған адамдар саны бойынша да әлемде бірінші орында тұр. 2020 жылдың желтоқсан айының соңынан бастап АҚШ-та COVID-19- ға қарсы кең көлемді вакцинация жүргізілуде. 2021 жылғы ақпанның аяғында 38 миллион американдықтар (халықтың 11,6%) вакцинаны қабылдады. Жаздың соңына дейін бүкіл елді вакцинациялау жоспарланып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған