QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

7 БАҒЫТТЫ ҚАМТЫҒАН 94 ІС-ШАРА

Автор:QAA.kz

Фев 18, 2021

Осы аптаның сейсенбісінде қала әкімі «Nur Otan» партиясы
Қызылорда қалалық филиалының төрағасы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қатысуымен депутаттық фракциясының отырысы өтті. Күн тәртібінде негізінен 3 мәселе талқыланды. Бірінші мәселе
«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының 2025 жылға
дейінгі сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың «Жол картасы»
жобасын талқылау туралы болды. Қала әкімінің орынбасары
Б.Б.Нұриддинов «Жол картасы» жобасы негізінде 2021-2025 жылдар
аралығында атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.
Қазіргі таңда қаламыздағы халық саны 320 мың адамға жеткен (2020
жылдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша). Осы көрсеткіштің 10,9
пайызын ауыл тұрғындары құрайды. Жалпы жоғарыда айтылған «Жол картасы» жобасы 7 бағытты қамтитын 94 іс-шарадан тұрады.
Алдағы бесжылдықта өңірімізде атқарылатын жұмыстар өте көп.
Соның ішінде білім мен ғылым мәселесі ерекше назарға алынып,
аталмыш салада нәтижелі жұмыстар жүргізілмек. 1-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейін тәрбиемен және оқытумен қамту 85,7 пайызға артпақ. Сол үшін де мемлекеттік және жеке балабақшалардың саны көбейтілмек. Мектеп бітірушілер арасында ЖОО ға грант есебінде түсетіндердің үлесін 60 пайызға жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ балаларды инклюзивті
біліммен қамту осы күні 71 пайызды құраса, алдағы бес жыл ішінде 100 пайызға дейін жеткізу көзделген. Сонымен қатар Политехникалық колледж және С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжі студенттері үшін 2 жатақхана құрылысы жүргізіліп, студенттердің игілігіне пайдалануға берілмек. Оған қоса
ауылшаруашылығы саласында ірі инвестициялық жобалар жүзеге
асырылады. Атап айтсақ, ет комбинат құрылысы, жылыжай кешен құрылыс болып табылады. Қала маңындағы құс фабрикасы мен сыр өндіру цехтарын құру және кеңейту де жоспарланған.
Бүгінгі таңда қаламыздағы әлеуметтік дүкендердің жалпы саны 29 болса, алдағы уақытта олардың санын тағы 20- ға көбейту назарға алынып отыр. Аймағымыздағы дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесін 31 пайыздан 35 пайызға көтеру межеленуде. Қашан да өзектілігін жоймаған тұрғын үй мәселесі де бұл жобадан тыс қалмады. Алдағы бес жыл ішінде 5081 пәтер және 16689 жеке тұрғын үй пайдалануға берілмек. Аталған «Жол картасы» жобасының бесінші бағыты бойынша тарих пен мәдениетті дамыту шеңберінде де өңірімізде көптеген шаралар жасалмақ. Ақындар айтыстары ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар
өткізіледі. Ерекше атап өтерлігі, осы жобаның алтыншы бағыты аясында электрондық форматқа көшірілетін мемлекеттік қызметті 100 пайызға жеткізу мақсат етіліп отыр. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында бағдарламаның жетінші бағыты «Қауіпсіз-қала» деп аталады. Осы бағыт негізінде Қызылорда қаласының учаскелік полиция бекеттері мен елді-мекендерде 1400
бейнекамера мен 5300-ден астам көше шамдарын орнату жоспарланған. Сонымен бірге, Қызылорда су торабын қайта құруда басты жоспарға алынған. Су тасқыны қаупінің алдын
алу мақсатында Сырдария өзені арнасында тазарту жұмыстары
жүргізілетін болады. Баяндамадан кейін ұсыныстар мен
пікірлер де тыңдалды. Қызылорда қалалық мәслихат депутаты А.Изден жаңадан ашылатын балабақшаларға
мониторинг жұмыстарын жүргізу керектігін және мемлекеттік аттестациялаудан өткізілсе деген ұсынысын
білдірді. Сосын депутат Е.Мусаев қаладағы демалыс парктеріне көгалдандыру жұмыстары жүргізілсе деген
ұсынысын жеткізді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция жетекшісі Ж.Нұрымбетов «Жол картасы» жобасының нақты индикаторларының орындалуы
бойынша жауапты қалалық мәслихаттағы фракция мүшелерін бекіту
туралы ұсыныс енгізді. Ал күн тәртібіндегі үшінші мәселе
бойынша Қызылорда қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды. Жиынға қатысушы депутаттардың
келісімімен бірауыздан мақұлданды. Көрсетілген бағыттар бойынша
нысаналы индикаторлармен мерзімдер қойылды. Әрбір саланың орындалуына жауапты фракция мүшелері бекітілді. Белгіленген жоспарлардың орындалуы бойынша тоқсан сайын фракция отырысында есеп берілу керектігі тапсырылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, аталған жұмыстарды уақытылы орындау міндеттелді.


А.ҚАНЖАРБАЕВА

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *