QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

6 жастан мектепке бару жүйесіне ата-аналар қарсылық танытуда

Автор:QAA.kz

Июн 4, 2019

6 жастан мектепке бару тәртібіне ата-аналар наразылығын білдіріп, балаларының кішкентай екенін айтып ашынды.

Ақтөбелік ата-аналар баласын 6 жастан мектепке беуге қарсылық танытты. Заң бойынша бекітілген жүйеге наразылық білдіргендердің өкініші құпталмады. Министрлік те, жергілікті білім басқармасы да заңды өзгертуге қауқарсыз. Ағымдағы жылдың қыркүйегінен күшіне енетін заң бойынша баланы 6 жасында мектепке бермеген ата-аналарға айыппұл салынады.

«Балаларды шығарамыз бірінші сыныпқа бару керек деді. Міндетті түрде деп талап қойды. Біз қарсымыз. Балаларымыз дайындық тобынан өткен жоқ қой. Ештеңе білмейді. Баламыз әлі кішкентай», — дейді Бақытгүл Жиенбаева есімді Ақтөбе қаласының тұрғыны.

Ата-аналар ашынғанымен, білім басқармасы заңға қарсы шығуға қауқарсыз. Осылайша білім жүйесіне енгізіліп жатқан жаңа өзгерістер халықтың наразылығын туғызды.

«2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап білім туралы заңға өзгеріс енгізілді. Өзгеріске сай алты жасқа толған бала мектепке баруы керек. Сол заңға сүйеніп жіберіп отыр», — дейді  Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысы Саян Сүлейменов.

Енді білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздегі барлық мектеп пен балабақша жанынан жазғы дайындық крусы ашылады. Онда алты жастағы балалар бір ай бойына сабақ оқитын болады. Бірінші сыныпқа баруға осы курстың өзі жетіп жатыр дейді вице-министр.

stan.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *