QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

357 қылмыстық іс түсті

Автор:QAA.kz

Авг 3, 2020

Қызылорда қаласының № 2 сотында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Whatsapp желісі арқылы баспасөз конференциясы өткізілді. Баспасөз конференциясын Қызылорда қаласының № 2 сотының төрағасы міндетін атқарушы Балғабай Ұзайырұлы Жаңабаев жүргізді. Өз сөзінде төраға міндетін атқарушы Б.Жаңабаев статистикалық мәліметтерге тоқталып, сот өндірісіне салыстырмалы түрде 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына 386 іс түскен болса, ал 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 357 қылмыстық істер түскен, оның ішінде қылмыс санаты – 207 іс, теріс қылық бойынша 150 іс; өткен жылдан 52 қылмыстық іс қалдықта қалған. Жекеше айыптау тәртібімен өндіріске қабылданып қозғалғаны 3 іс.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы — 2 іс 2 адамға түскен.

Сонымен қатар, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 345 іс 378 адамға қатысты өндірісте қаралған, оның ішінде үкім қабылданғаны -250 іс, сотталғаны 269 адам, ақталғаны 1 адамға қатысты, қаулы өндірістен тоқтатылғаны 55 іс 56 адамға, жәбірленушімен татуласуға байланысты-51, медиация қолданылғаны — 29 іс қаралды.

Жиын соңында төраға міндетін атқарушы алғысын білдіріп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *