QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

21 мың теңгені алаятық жолмен алғандар жазаланады

Автор:QAA.kz

Июн 13, 2019

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың сөзінше, АӘК алу үшін алаяқтыққа баратын адамдар жауапкершілікке тартылады.

«Нақты шара қабылданады. Жолдары да бар. Біз қазір оларды прокуратура органдарына беріп жатырмыз. Солар тексереді. Егер алаяқтық анықталса, онда қылмыстық жазаға тартылады», – деді Сапарбаев.

Министрдің айтуы бойынша, бірінші кезекте жәрдемақыны алып беруге көмектесетін делдалдар жазаланады.

«Мысалы, жұмыспен қамту орталығы мен көпбалалы ананың арасында делдал болып, соның ақшасын алып беріп, кішкене ақшасын өзі алса, ең бірінші солар жазаланады. Сосын көпбалалы отбасылар өз табысын дұрыс көрсетпесе, жауапқа тартылады. Қазір біз ол жұмысты кейбір өңірлерде жүргізіп жатырмыз. Біткеннен кейін прокуратура органдарына тапсырамыз», — деп атап көрсетті Сапарбаев.

sputniknews.kz

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *