QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

21 мың теңгелік жәрдемақы кімдерге берілмейді?

Автор:QAA.kz

Мар 5, 2019

Бүгін үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілетін әлуметтік көмек туралы айтып, 21 мың теңгенің кімдерге берілмейтінін түсіндіріп берді.

Министрдің сөзінен белгілі болғандай, отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан, яғни 20 789 теңгеден 10-15 теңге асып кетсе де, әлеуметтік аз қамтылған отбасы саналмайды.

Өз сөзінде Бердібек Сапарбаев барлығы заң бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Кірмей қалады, себебі тәртіп солай. Солай деп белгіленген. 20 789 теңге, одан аспауы қажет. Ал асып кеткен жағдайда, төленбейді», — дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *