2021 ж. Сәуір 14

2020 жылдың жұмыс қорытындысы және алдағы жылға қойылған тапсырмалар туралы

«Прокуратура туралы»Заңға сәйкес прокуратура органдарына заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі міндеттер жүктелген.

Өткен жылы бізбен Қызылорда гарнизонының әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының қызметін үйлестіру, әскери ортада қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бір қатар жұмыстар атқарылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде гарнизондағы криминогендік жағдайы тұрақты, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 67%-ға төмендеді. Өткен жыл бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері мен ауыр қылмыстық жағдайлар тіркелген жоқ.

Алдын алу жұмыстарды жүзеге асыру барысында әлеуметтік шиеленіс ошақтарын, гарнизон әскери қызметшілерінің құқықтарын,өмірі мен денсаулығын сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуды жандандыруға негізделген болатын.

Біздің әскери қызметкерлер «COVID-19» індет пандемиясы тарамауына өз үлестерін қосып, Қызылорда қаласы мен облыстың аудандарында блок бекеттерде ауысымды қызмет атқарып, қалада ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметке шақыру жүргізілген жұмыстары бағыты бойынша заң бұзушылықтар анықталып,прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Қарау нәтижесімен 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, әскери қызметке заңсыз шақырғаны үшіндепартаменттің лауазымды тұлғаларына әкімшілік айыппұл салынды.

Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде мемлекет пайдасына 4 млн. теңгеден астам, оның ішінде бюджетке 3 млн. теңгеден астам пайда өндірілді.Сондай-ақ, талдау барысында тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін мақсатты өтемақыны заңсыз алу фактісі анықталып, соның нәтижесінде мемлекетке 1 млн. теңгеден астам залал анықталып,гарнизон прокуратурасы бұл фактіні СДТБТ-ға тіркеп, қисынды қорытындыға жеткізді. Залал толық көлемде мемлекеттің пайдасына өндірілді.

Қоғам мүдделерін қорғау бағытындағы тексерістер жоспарға сай жүргізіліп, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері тарапынан конституциялық құқықтар мен еңбек заңнамасының талаптарын бұзуға жол берілмей келеді.

Құқықтық тәрбиенің түпкі міндеті – заң талаптарын терең меңгеруді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге әскери қызметшілердің санасына құқықтық нормаларды қатаң және мүлтіксіз жеткізу.

Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры

әділет полковнигі

Ғалымжан  Маханбетов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған