QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

20 мыңнан астам партия мүшелері өз дауыстарын берді

ByQAA.kz

Қаз 4, 2020

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова праймериз үміткерлеріне өз таңдауын жасады.

Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде орналасқан нөмірі 13-ші дауыс беру орнына келіп өз дауысын берді.

Дауыс беруде бұрынғыдай қағаз бен қалам жоқ. Әр орында бір ноутбуктан қойылған. Бұл сәл өзгешелік туғызды. Облыс әкімін күткен қызметкерлер мен тілшілердің қарасы қалың болды.

Облыс әкімінің дауыс беруі  он шақты минуттан асып түсті. Демек, ол бір ғана емес бернеше үміткерге дауыс берді деген сөз.

Әбдіқалықова өз дауысын беріп болған соң партияластарды мықты көшбасшыларды таңдауға толық қатысуға және дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Қызылорда облысынан үміткерлер саны 485 адамды құрап отыр.  Жалпы облыс бойынша 133 дауыс беру орны болса, олардың 103-інде онлайн дауыс беру мүмкіншілігі қамтамасыз етілген. Қазіргі күннің өзінде партияға мүше 43742 азаматтың сексен пайызы дауыс беріп үлгерген.

P.S: Республика бойынша праймериз үміткерлеріне ең көп дауыс берген Алматы облысы екені анықталды.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған