QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

2 ПАЙЫЗБЕН ҮЙДІ АЛУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

Автор:QAA.kz

Июл 23, 2019

Бүгіннен бастап «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы азаматтардан құжаттар қабылдайды. 20 жылға дейін несие сомасының 10 пайыз мөлшерінде бастапқы жарнасы бар азаматтар 2 пайызбен баспаналы бола алады.

Үйді қалай сатып алуға болады?

1.Ең алдымен, әкімдікте кезекте тұру қажет. Ол үшін әкімдікке барып, кезекке тұрып, отбасы мәртебесін растайтын құжат алу керек.

2.Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт бекіту. Оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген бөлімшесінен алуға болады.

3. Бастапқы жарнаны аудару. Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10 пайызына тең.

4.Төлем қабілеттілігін бағалаудан өту. Банк төлем қабілетін анықтайды.

5. Тұрғын үй таңдау. Бұл кезеңде тұрғын үй іздеп, кез келген бағалау ұйымы арқылы таңдалған баспананы бағалап, сатушыдан тұрғын үйдің құқық белгілеуші құжаттарының көшірмелерін алу қажет.

6. Рәсімделетін заемды мақұлдау кезеңі. Ол үшін Сізге жылжымайтын мүліктің бағалау бөлімшесіне келіп, заем белгілеуші құжаттардың көшірмелерімен банк бөлімшесіне келіп, заем рәсімдеуге және Сіз таңдаған үйдің кепілі бойынша мақұлдап алу керек.

7. Сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекіту. Мақұлданған соң сізге нотариуста сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекітіп, жұбайыңыздың кепілге рұқсатын алу керек.

8. Заем алу. Банкке жылжымайтын мүліктің сатып алу-салу келісім-шартын және жұбайыңыздың кепілге рұқсатын өткізгеннен кейін банк заемы туралы келісім-шарт бекітіп, Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе нотариуста кепілді тіркеу керек. Осыдан кейін заем беріледі.

Маңыздысы, бағдарлама бойынша әлеуметтік санатқа кіретін азаматтар жаңадан салынған пәтерлер, қолданыстағы болған пәтерлер мен жеке тұрғын үйлерді ала алады. Қызылорда облысы бойынша пәтер құны 10 миллион теңгені құрауы керек. Егер үйдің бағасы 10 млн.теңгеден асса азамат артық соманы өзі төлейді.
Барлық толық құжаттар Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесіндегі №147 үй мекен-жайында қабылданады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *