QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Медиация – мәміле алаңы

ByQAA.kz

Сәу 22, 2021

Әдетте наразданушы екі тарап, сотқа дейін жүгініп, құқықтық негіздегі шешімдерге асығады. Алайда, соттан тыс, оған дейін жеткізбей, екі арадағы татулық пен  ынтымақтастықты сақтай отыра белгілі бір нәтижеге, шешімге қол жеткізуге де болады.

Заң мен бірге, адами қатынасты, ізгілік пен көрегендікті ала жүретін саланың атауы – медиация. Әдетте, медиация тәртібі бойынша екі жақты мәмілеге келтіруші жеке тұлға болып табылады. Кез-келген жиырма бес жастан асқан еліміздің азаматы, медиатор оқуы білім бағдарламасын тәмәм еткені жайлы ақпаратты көрсете отыра аталған мәмілегерлікті жүргізе алады. Аталған істі мойнында қылмыстық әрекеті тәркіленген немесе мемлекеттік қызметке қатысы бар азамат жүргізе алмайды.

 2011 жылы республикада дауларды сотқа дейінгі шешудің әлемдік тәжірибесіне енгізілген «Медиация туралы» заң қабылданды. Алайда, Қазақстанда медиация институтының дамуы өзінің ерекше жолымен жүрді. Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамның құқықтық мәдениетін нығайтып, соттарды жеңілдететін медиация институтын дамыту қажет деп бірнеше рет атап өтті.

Бүгінгі күні медиатор болу үшін сізге бірнеше негізгі критерийлерге сай болу керек: жоғары білім (кез-келген міндетті түрде заңды емес), 25 жастан кем емес, соттылығы жоқ немесе соттылығы жойылған.

Қауымдастыққа кіретін медиаторлардың шамамен 80% -ы – бұл заң білімі бар адамдар, тәжірибелі адвокаттар, бұрынғы адвокаттар, тергеу және анықтау органдарының қызметкерлері, бұрынғы судьялар, нотариустар, жоғары дәрежесі бар адвокаттар. Білім беру жүйесінің өкілдерінің 15% -ы осы мұғалімдер мен оқытушылар, 5% -ы техникалық мамандықтардан шыққан адамдар.

Медиация әлемнің озық үлгі мемлекеттерінде кеңінен қолданатын өте ұтқыр шешім. Араздастық пен жанжалдықтың алдын алып, сотқа дейінгі процеске жетпей мәмілегерлікпен шешілген іс әрекеттер біздің қаламызда да жыл сайын оң әсерін танытып келеді. Сондықтан, аса ауыр жанжалдардан бөлек, кішігім істерді медиация жолымен шешу тиімдірек екені анық.


Нөмірі 2-ші Қызылорда қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы Б.Жаңабаев

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған