QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Көлігі барлар тәртіпсіз бе?

ByQAA.kz

Қаз 23, 2020

Жолаушыларды қоғамдық тасымалдаумен айналысатын автокөліктерінің арасындағы апаттылықтың алдын алу, олардың ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау мақсатында, облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының, Әкімшілік полиция басқармасының және қалалық полиция Басқармасының қызметкерлері көліктік бақылау басқармасы өкілдерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 21-23 қазан аралығында облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуде.

Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру.

Іс-шара аясында облыс көлемінде көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қамтамасыз ету бойынша тексерістер жүргізілді.

Шараның 1 күнінде жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 137 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның ішінде жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 16 дерегі (ӘҚБтК-нің 571/2 б.), көлік құралын заңсыз жабдықтау бойынша 6 әкімшілік хаттамалар рәсімделді (ӘҚБтК-нің 590,7), техникалық байқаудан өтпеген 22 жүргізуші (ӘҚБтК-нің 590,9 бабымен) әкімшілік жауапқа тартылды, ұялы телефонмен сөйлесудің (ӘҚБтК-нің 591,1 бабы) – 30дерегі, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеуді бұзудың 4 дерегі (ӘҚБтК-нің 590,8), маневр жасау қағидаларын бұзған 21 жүргізуші анықталды (ӘҚБтК-нің 595бабы). Барлық заң бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік шара колданды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған