QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

1 балаға 20 мың теңге төленуі мүмкін

Автор:QAA.kz

Фев 11, 2019

Еліміздің қаржы министрі Әлихан Смайылов көпбалалы аналардың 18 жасқа толмаған әрбір балаға 20 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеу туралы талабына қатысты түсініктеме берді.

«Аталған мәселе дәл қазір жұмыс тобында қарастырылып жатыр. Бұл біріншіден, көмек көрсету жасының ұзақтығы – бір жасқа дейінгі балаға емес, одан да көп жылға ұзартуды талап етулеріне байланысты. Ал төлемдер көлемін арттыру мәселесі бойынша тиісті ұсынысты енгіземіз», – деді қаржы министрлігінің басшысы Әлихан Смайылов баспасөз мәслихатында.

Қаржы басшының сөзіне жауап ретінде БАҚ өкілдері аналардың осындай талабының қанағаттанырылуының қаншалықты рас екенін және оған қаржының жету-жетпеу мүмкіндігін сұрады.

«Бұл нақты және қазір біз осыған қатысты жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ, қазір сіздерге нақты  қаражат мөлшерін айта алмаймын. Себебі, бұл талқылау процесінде, сондықтан бүгін қандай да бір соманы айтып, ертең оның басқа болып шыққаны дұрыс емес. Бұл менің тарапымнан дұрыс болмас еді», – деп түсіндірді ол.

Айта кетсек, Қазақстандағы төрт немесе одан да көп балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар санатына кіреді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2018 жылға дейінші есеп бойынша елде 230 мыңға жуық көпбалалы ана тұрады. Ал олардың көпшілігі кедейліктің шегінде, нашар жағдайда тұрады.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *