Қалалық санитарлық эпидимиологиялық бақылау басқармасында дәрігерлердің басы бірігіп, қазіргі таңда өршіп тұрған тәжді індет жайлы ақпараттық отырыс өткізілді. Жиынға қаладағы ауруханалар мен емханалардың қызметкерлері, ардагер дәрігерлер қатысты.

Жалпы індет елге келгелі береке қашып, жүрген жерде қорғанып жүретін болдық. Осы орайда, өз өмірлерін қауіпке тігіп, күніне талай науқаспен байланыста болатын дәрігердің жұмысының қиындығын біраз жұрт түсінсе де, біле бермейді.

Індет келгелі медицинада жаңадан құрылғылар да, құралдар да ойлап табылды. Мәселен, адамның сынамасын алу үшін оның аузынан және мұрнынан жұғындылар алатын көрінеді. Оның өзі үш қаптамадан тұрады. Алғашында құтысы, құтысының сыртында қапшығы және қосымша үлкен ыдысы болады екен. Бұл сынамалардың барлығы Алматы қаласына жіберіледі. Егерде науқастың сынамасы күдікті, өзге штаммдарға келіңкірейтін болса НұрСұлтанға тексеріске жіберіледі. Бұны мутациялық сынамалар деп атаса болады. Осындай аса маңызды шараларды емханалар мен ауруханалардың жас қызметкерлері дұрыс біле бермейтіндіктен еңбек өтілі көп дәрігерлер жастарға біраз кеңес те берді.

Аурухана мамандары емханада анықталған індеттің ең кіші түрлерін емханалықтар өздері емдесе екен дейді. Әйтпесе күніне ауруханаға індеттің әр түрлі кезеңіндегі науқастар келіп жатады. Оның ішінде нағыз емге мұқтаждары да, кәдуілгі емшарамен емделетіндер де бар. Бұл кейде жұмыстың біраз уақытын алып жатады.

Биылғы жылдың 11 айында Қызылорда қаласында тәжді вирустың 9884 жағдайы тіркелді. Онын 1499-ы 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер екен. Ауру ошақтарында наукастармен қарым – қатынастағылар үй карантинiне оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. COVID – 19 инфекциясына қарсы 2 рет егiлгендер үй карантинiне оқшауланбай, жұмыстарын жалғастырып, аймактық емханалармен 14 күн байланыста болды. Ошақтардағы қарым – катынастағы 31 104 адам зертханалық зерттеумен камтылып, нәтижесiнде 1398 жағдайда оң нәтиже берген. Кей-кейде байланыста болғандарға вирус оңайлықпен жұға қоймаса да, бұл жолғы тексерістен біраз адамның індет жұқтырғаны анықталып отыр.

Қыркүйек айында басталған жаңа оку жылында 47 мектеп, 3 мектеп интернат, 2 жоғары және 6 арнайы орта оқу орындарының білім алушыларынан коронавирустық инфекциясы анықталды. Бүгінгі танда 233 мектеп окушылары, 60 студент, 54 мұғалім мен оқытушылар аурушаңдыққа шалдықты. Мектептер бойынша тіркелген 233 жағдайдың 55 онлайн оқу форматында яғни, індетті онлайн оқу барысында сырттан жұқтырғандар, 178 жағдайы оқу процесі кезінде тіркелгендер. Ошақтық сипат 29 мектепте 2-14 оқиғалар аралығында орын алды. Ауру оқиғасы тіркелген сыныптарға бiр инкубациялық мерзімге карантин қойылды. Анықталған білім беру ұйымдарындағы 18 ошаққа басқарма мамандарымен жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргiзiлдi.

Дәрі-дәрмек нарығына індетке қарсы вакцинаның сан түрі келді. Алғашында миы қатып дал болған ғалымдар аяқ-асты бір мезетте пәлен түрлі екпені ойлап тапты. Оның ішінде отындық екпе де бар. Қазіргі таңда Ресейдің «Спутник», «ГамКовидВак» және отандық «QazVak» одан қалса Арабтардың «Хаяты» және тағысын тағы екпелер қаптап кетті.

Жақын арада аяғы ауыр әйелдер мен балалардың халін ойлаған денсаулық сақтаушылар «Pfizer» екпесін де сансыз көп екпенің қатарына әкеліп қосты. Биылғы жылдың 12-ші айына дейін індетке карсы 1 – ші компонентпен 180 581 адам, 2 – шi компонентпен 160 888 адам егілген. Қала бойынша екпемен камту көрсеткіші- 74,3 % құрап отыр. КР Бас санитариялық дәрiгерiнiң 2021 жылғы 20 қазандағы №46 қаулысына сәйкес 12-18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдерді, босанғаннан кейiнгi 42 күннен бастап 2 жаска дейiнгi емiзулi әйелдердi КВИ-ге қарсы «Pfizer» вакцинасымен егу қаламызда басталды.

Қазіргі таңда 4363 жасөспірім бала, 409 жүкті әйелдер, 270 емiзулi ана аталған вакцинаны алды. Қаламыздағы бiлiм беру ұйымдарына ата – аналар арасында аталған екпе бойынша ақпараттық түсiндiрме жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі танда 25 бiлiм беру мекемесiне ақпараттық түсiндiрме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек «Ашық» қосымшасында қызыл белгісі бар науқастар, оқшауланғандардың себепсіз, рұқсатсыз қоғамдық орындарға шығып жүргендері де тіркелуде. Оларға заң шеңберінде 87 510 теңге айыппұл салынуда. Бүгінгі күні 191 дерек бойынша айыппұл салынған.

Қоғамдық орындарда «Ашық» бағдарламасының арқасында қызыл статусы бар 600 адам, сары статусы бар 216 адам анықталған көрінеді. Бұл дегенің сұмдық. Қазірдің өзінде қызыл статустардың арамызда жүруі бек мүмкін.

Тәжді вирус тарағалы оның мутацияланған, дамыған штаммдары да көп пайда болуда. Қайсібірін айтуға болады. Әйтсе де, қалада нақты қандай штаммдар анықталып жатқандығы көпке қызық.

Мәселе былай, қазіргі кезде індетпен ауырған алты науқастың жайы өте мүшкіл. Демек, бұл жәй тәжді вирус емес, мутацияланған түрі болуы ықтимал. Қазір оларға өте жоғары дәрежедегі емдеу жұмыстары жасалуда. Оның бесеуі қалалық болса, біреуі қармақшылық тұрғын болып шықты.

Былайынша қалалықтардың жұқтырған індетін кәдуілгіге жатқызуға болады. Әйсе де, өткен жылдың соңғы айларында қаладан «Дельта» штаммына ұқсас науқастар да анықталған көрінеді. Мұхиттың аржағы мен бержағы, шет елдердегі небір штаммдар түбі бізге де келуі бек мүмкін. Бастысы сақтық шараларын қадағалап, екпе алуды ұмытпаған жөн.

Д.АМАНГЕЛДІ

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here