QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

QazVac вакцинасы 26-шы сәуірден бастап салынады

ByQAA.kz

Сәу 23, 2021

COVID-19 таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қазақстандық QazVac вакцинасымен вакцинациялау 26 сәуірде басталатынын айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

QazVac коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» өңірлік хабтарына таратылды. Вакцина Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларына жеткізілген.

Отандық вакцинаның келесі партиясы мамыр айында жеткізіледі. Екінші партия 50 мың дозададан тұрады. Әрі қарай вакцина өндірісі біртіндеп айына 500-600 мың дозаға дейін көбейтіледі.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов әзірге отандық вакцина тек Қазақстанда шығарылатынын айтты. 

«Біз вакцинамыздың 500 мың дозасын құю туралы түрік компаниясымен қосымша келісім жасастық. Түркияда бөтелкеге ​​құйылатын заттар тек Қазақстанда ғана қолданылады, вакцинаның барлық заттары, барлық шикізаттары осы жерде ғылыми-зерттеу институтында өндіріледі. Содан кейін Түркияға құтыға құю үшін тасымалданады. Бұл мәселе шешілді. Түркиямен келісімге қол қойылды», – деді Тоғжанов.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған