2021 ж. Сәуір 14

Нұр-Сұлтанда бар, Қызылордада жоқ

Тәжді вирустың белең алуы медицина саласында өзгеше емдеу жолдарының қолданысқа енуіне жол ашты. Мәселен, вируспен ауырған адамға қажет ем шарасының бірі оттегі терапиясы.  Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы емнің бұл түрін ковид жұқтырғындарға қолдануды міндеттеген-ді.

Бірақ, парламент депутаты Ғалымжан Елеуовтің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға айтқанынан мәлім болғаны сол, оттегі терапиясының аппараты еліміздің үш аймағында әлі де жоқ көрінеді.

Қызылорда, Атырау, Маңғыстау өңірлерінде алда-жалда індет өсімі байқалса қалай болмақ? Немесе, осы үш облыстың тұрғындары ауырмайды деген тұжырым бар ма еді? Үш мұнайлы аймақтың ауаға жарымағаны қуанатын нәрсе емес. Осы күннің өзінде оттегі терапиясы АҚШ, Қытай, Аустралия, Жаңа Зеландия және Түркияда қарқынды қолданылуда.

Өткен жылдың 17-ші қарашасындағы депутаттардың жиынында барлық өңірдің ауруханаларындағы 10 керуерт орынға бір оттегі терапиясы аппаратын енгізу туралы шешім қабылданғаны тағы бар. Бұл істің барлығы облыс әкімдіктеріне жүктелген еді.

  • Түптің түбінде бізде не бар? Ведомствоаралық комиссияның шешімі әлі іске асырылмаған. Елдегі оттегі терапиясының үлесі тек 22 пайыз ғана. Барлық аудандар теңдей қамтылмаған.  Қызылорда, Атырау. Маңғыстау облыстарында бұл аппараттар мүлде жоқ. Ал шындығына келгенде, бұл мәселе ел азаматтары үшін керек-ақ ,– деді мәжілісмен.

Сондай-ақ, депутаттар Денсаулық сақтау министіріне жолдаған сауалдарында мына нәрселерді сұрады:

  • Барлық өңірлердегі медицина мекемелерінің дайындығы, олардың қаншалықты қажетті оттегі құралдарымен қамтамасыз етілгендігі жайлы ақпарат.
  • Ведомствоаралық комиссияның шешімінің жүзеге аспау себептері
  • Барлық өңірлердегі медицина ұйымдарының дайындығы жайлы ақпарат беру және науқастырдың күнделікті көрсеткіштерін дұрыстап жария ету. Онің ішінде қаншасы қандай халде екені жария етілуі қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған