QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Екі түрлі екпе салдыруға болады ма?

ByQAA.kz

Сәу 28, 2021

Ресейлік Sputnik-V екпесін салдырған азаматтар QazVak-ты салдыра алады ма?

26 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған қазақстандық QazCovid-in (QazVac) препаратымен вакциналауды басталды.

«Вакциналардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Олар, іс жүзінде бірдей деп те айтуға болады. Негізінде, екі түрлі вакциналар салынған болса да аса қауіп жоқ. QazVac бұл да екі компонентті вакцина. Оның бірінші дозасын қабылдағаннан кейін, сіз 21 күннен кейін екінші компонентпен ревакцинация алуыңыз керек», – дейді дәрігерлер.

Алғашқы үш күнде QazVac вакцинасын алғаннан кейін сізде мыналар болуы мүмкін:

  • қысқа мерзімді тұмауға ұқсас синдром;
  • температура 37,5 дейін (1-2 тәулік);
  • қалтырау;
  • ауырсыну;
  • инъекция орнындағы ауырсыну.

Алғашқы үш күнде мына нәрселерді жасамаған дұрыс:

  • инъекция орнына су тигізбеңіз;
  • моншаға, саунаға, бассейнге бармаңыз;
  • өзіңізге физикалық күш салмаңыз;
  • алкогольді сусын ішпеңіз;
  • бетпердесіз жүрмеңіз

Қарсы көрсетілімдер:

  • жүктілік;
  • емшектегі бала болса;
  • қандай да бір препараттарға төзбеушілік;
  • коронавирустық инфекциямен ауру (сауыққаннан кейін кем дегенде алты ай кейін өтуі керек).

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған