QAA.KZ

Сарқылмасын Сыр-Ана!

Шөкеновтың достары ұсыныс тастады

ByQAA.kz

Сәу 14, 2021

Қызылордадағы Татар этномәдени бірлестігі әнші, сазгер жерлесіміз Батырхан Шөкеновтың алдағы туған күніне байланысты әншінің достарының, замандастарының атынан ұсыныс білдірді.

Кезінде Шөкеновтың  өзі тұрған Чайковский нөмірі 8-ші үйге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, Батырхан Шөкеновтың есімін жазып, үйдің қас бетіне мемориалды тақта орнатуды сұрауда.

Бұл өз кезегінде әншінің жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық болар еді. Алдағы мамыр айының 18-і Батырхан Шөкеновтың туған күні. Көзі тірі болғанда әнші 59 жасқа толар еді.

Қазіргі күні қала орталығында әншінің атындағы саябақ орналасқан. Бұнымен қатар, өзге облыстарда муралдар мен ескерткіштер де бар. Расында, қазақ өнерін ТМД елдеріне танытқан еліміздің біртуар азаматын неге құрметтеп, достарының ұсынысын қабыл алмасқа?

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған