QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

ТӨБЕТТЕР ТӨБЕГЕ ШЫҒЫП БАРАДЫ

Автор:QAA.kz

Авг 11, 2020

Қызылорда  облыстық мәслихатының  2015 жылғы 18 наурыздағы №262 шешіміне сәйкес қоғамдық орындағы қараусыз жүрген ит-мысықтарды аулауға рұқсат етілген болатын. Десе де,  түрлі мөлтек аудандардағы иесі бар иттердің өзі бос жүретінін айта кету қажет. СПМК-70, Астана, Саяхат, Сәулет және т.б аудандардағы бос жүрген иттердің көптігі кейде адам өміріне қауіп туғызады. Есік алдында, аулада жүргенімен көшеге атып шығып көлік соңынан қуатын, ойнап жүрген кішкентай балаға атылатын, велосипед мінген жасөспірімдердің соңынан қуған ірі төбеттерді көру тым жиілеп кетті. Қабылданған қаулы бойынша оларды атуға ешкімнің құқысы жоқ. Дегенмен, иттің аулада байланып тұруын, олардың көшеге иесіз шығып кетпеуін бір норма жүзіне сыйдыру қажет секілді. Ит үй жануары болғанымен азулы әрі жылдам екенін естен шығармаған абзал.

  • Әдетте таң ата велосипедпен көшені бір айналып, артынша таңғы жаттығу жасауды жөн көремін. Бір күні, таң ата Сұлтан Бейбарыс көшесі бойымен құлаққап киіп таңғы жүгіруге шыққан болатымын. Әуеннің қаттылығынан артымнан келген қара төбеттің даусын естімеппін. Артыма қарағанда ол жақындап қалған еді. Дереу жүгірдім, қолыма түскенді алып ұрдым. Көп ұзамай олда соңымнан еруді тоқтатты. Мен ересек адаммын, менің орнымда оқушы болса не болар еді? Неге иелері иттерін ауласында байлап ұстамайды деген сұрақты өзіме жиі қоятын болдым,-дейді, қала тұрғыны Жанайдар Данияров.

Ит жануарын үйдің қорғаны, жанұяның досы болсын деп бағады. Ал басым көпшілігі көшеге босатып жібереді екен. Жан-жақта адамдар барын естен шығармай, өзгеге зиян тигізбей аулада байлап ұстаған жөн болар. Сонымен қатар белгілі бір уақыт аралағында тұрғындардан төбеттерін байлап ұстауды талап ету жұмыстарын атқару қажет-ақ.

Д.АМАНГЕЛДІ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *